Ұлағатты ұстаз, өнер қайраткерінің ғибратты ғұмыры арқылы замана тынысы әріптес достар, ағайын-туыстың естелігі топтастырылған жаңа жинақ адамгершілік қасиеттерді дәріптейді. Естелік авторлары ізгілік, игілік, адалдық, ар тазалығы, имандылық сынды адамзатқа ортақ құндылықтарды ұстаздың бойынан көргендерін айта келе, оның адами қарым-қатынастағы маңызын көпке үлгі еткен.
– Колледжімізде 40 жылдан астам уақыт ұстаздық етіп, талай талантты шәкірттерді тәрбиелеген ардагер ұстаз Әуесбай Бақбергенұлының ізгі қасиеттері айтылған кітап қалың оқырманға арналған. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, тәрбие құралы іспеттес. Себебі, ұстаздың түрлі жағдайлардағы игілік көрсеткен әректтері арқылы өмірден жақсы жол табу анық айтылған. Осы колледжге қызмет етуге келгенде Әуесбай Бақбергенұлымен әріптес болып, бірге жұмыс істедік. Білгенін айтып, кеңесін беріп, қамқорлығын көрсетті, – дейді Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің оқытушысы Гүлнұр Жолдасбаева.
Өскемен педагогикалық институтынан «Ән-күй пәнінің оқытушысы» мамандығын меңгерген Әуесбай Бақбергенұлының дәрісін тыңдап, тәрбиесін алған шәкірттерінің арасында көпшілікті талантымен тәнті етіп, танылған өнерпаздар бар. Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән байқауының дипломанттары Светлана Байқұлақова, Назкен Қошқарбаева, «Жас қанат» республикалық жас орындаушылар байқауының дипломанты, Мальта мемлекетіндегі халықаралық ән фестивалі лауреаты, эстрада әншісі Тахмина Әшімбекова, Кенен Әзірбаев атындағы филармония директорының орынбасары, Мәдениет саласының үздігі Жандос Омаров және тағы басқа шәкірттерінің шоқтығы биік.
Жаңа жинақтың таныстырылымында ұлағатты ұстаздың әріптестері, достары жылы лебіздерін білдірді.
Қамар Қарасаева
Ұқсас жаңалықтар
Өз жүрегіңді оқығандай әсер аласың
- 31 наурыз, 2026
Ғылымдағы әйел - табандылықтың символы
- 3 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




