Адамдарды құрметтеп сүйіп өтем
Күләш Ахметова, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
Ғашықпын мен өмірге, ғашық екем Ұлты бөтен демеймін, жасы бөтен, Адал жанды адамның бәріне де Жүрегімді – қақпамды ашып өтем.
Жақсылықтың бәріне үйір екем, Тілі бөтен демеймін, күйі бөтен. Көздерінде мейірім мен тазалық бар Адамдарды құрметтеп сүйіп өтем. Құмармын мен тірлікке, құмар екем, Құмар етпей қоя ма мына мекен? Ұрпақтарға қалатын ұлы Жерге Жасағаннан тыныштық сұрап өтем.Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Қаламгердің шығармасы өз дауысымен жазылады
- 5 наурыз, 2026
Ақжал ақын Серік Томановтың туғанына – 70 жыл
- 4 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




