– Біздерді кейде мүмкіндігі шектеулі жандар деп жатады. Мен өзімді олай атамас едім. Дамыған заманда біз де креативті болуымыз керек. Пернетақтада жылдам теріп, жаза білуіміз керек. Соның бәрін үйрендік, – дейді Айзере Байбосын есімді үйренуші.
Бекітілген қазылар алқасы барлық қатысушылардың жауаптарын қарап, жүлделі орындарды анықтады. Нәтижесінде І орынды Айзере Байбосын, ІІ орынды Асхат Байболов, ІІІ орынды Мәншүк Әмірбек өз қанжығасына байлап, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Альбина Қуанышбаева Алғыс хатпен марапатталып, ынталандыру сыйлығына ие болды. Сонымен қатар, дәстүрлі түрде арнайы кітапханада 2024 жылы шығарылған нүктелі – бедерлі қарпіндегі жергілікті ақын – жазушылар мен мерейтой иелерінің бірқатар әдеби кітаптары №2 «Болашақ» арнайы мектеп – интернатына тарту етілді.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Тұлғалардың жолданымдары сапалы қаралуы қажет
- 31 наурыз, 2026
Байқаудың облыстық кезеңі аяқталды
- 31 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




