Бүкіл әлемде мүмкіндігі шектеулі жандар күні атап өтіледі. Бүгінде Жамбыл облысында ерекше қажеттіліктері бар 45 682 мыңнан астам адам тұрады. Кеше арнайы құрылған топ мүшелері БАҚ өкілдерімен бірге «Фиркан 24», «Дәмді себет» азық-түлік дүкендер желісін, «Садыхан» дәріханасын және «Форте Банк», «Каспи Банк» ғимараттарын аралап, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жасалған жағдайларды көрді. Бірақ көзбен көргендері көңілден шықпады. Себебі инво такси секілді көлік қоятын тұрақ та жоқ, кіре беріс те пандус та жоқ. Сыртқы есік те, әжетхана да ерекше қажеттілігі бар жандардың жүріп тұруына бейімделмеген. Дүкендердің ішінде кассаларда, сөрелердің маңында арнайы белгілер жоқ.
– Өкінішке орай, бұл мәселелер еш талапқа сай емес. «Алатау» мөлтекауданындағы дүкендер желілерін аралап шықтық. Зағип жандардың да кіріп шығуы үшін еш жағдай жасалмапты. Егелеріне кіріп, жағдайды түсіндірейік, кеңес берейік десек көбіне жеке кәсіпкерлер түсінбей жатады. Және орынды жалға алып отырғандықтарын желеу етеді. «Sulpak» электроника дүкендер желісіне де кіріп шықтық. Ерекше жандар тұрмақ, сау адамның кіріп шығуына да қолайсыз баспалдақ ортаналасқан екен. Бір жақсысы, айтылған ұсынысты «Дәмді себет» пен «Sulpak» егелері бас шұлғи тыңдап, енгізетіндіктерін, жөндейтіндіктерін айтып жатыр, ал «Фиркан» дүкендер желісі мүлде тыңдауға да, ішкі кіргізуге де қарсы болды, – дейді облыстық мәслихаттың депутаты әрі «Шебер шаңырақ» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Анар Бексұлтанова.
«Алатау» мөлтекауданында орналасқан «Береке банктің» ғана пандустары, арбамен жүру жолағы, шақыру белгісі, касса алдындағы орын, тіпті арнайы мүгедек жандарға арналған әжетханасы да бар болып шықты. Байқағанымыздай үлкен сауда орындары алдындағы пандус, көлік тұрағы мәселелері шешілмеген. Көбісі талапқа сай емес. Дүкен басшыларына заң бойынша жасалуы тиіс шаралар түсіндірілді.
– Сөз жүзінде кедергісіз орта қалыптасырамыз деп айту әрине оңай, іс жүзінде тексергенде өздеріңіз көргендей көңіліміз қобалжып қалады. Бөгетсіз орта дегеніміздің өзі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтпақшы оңай әрі қауіпсіз ортаны жалпыға бірдей қамтамасыз ететін аймақ. Басында мүгедектігі жоқ адам ерекше жанның жағдайын қалайша түсінсін. Оларды қоғамнан оқшауламау керек. Олар да қоғамның толыққанды мүшесі. Керек тауарын, дәрісін дүкенге, дәріханаға барып, өзі емін-еркін алу керек. Бірақ оған мемлекеттік емес ұйымдарда жағдай жасалмаған, - дейді Тараз қалалық мәслихаттың депутаты Айгерім Дәулетбаева.
Егемендік алғалы бері елімізде ерекше қажет тіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғау, өмір сүру сапасын арттыру және олардың қоғамға толық интеграциялануы жөніндегі саясат жүзеге асырылуда. Айтылған сын, ескерпе, кеңестер алдағы уақытта ескеріледі деген сенімдеміз.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Кейбір тұрғын үйлердің ауласын су басты
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




