18-19 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін Вашингтонға жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Саммит барысында Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесіне баса мән беріледі. Атап айтқанда, бейбітшілік орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек жеткізу бойынша нақты шаралар әзірлеуге ден қойылады. Сонымен қатар сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді", – делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин кездесті
- 26 наурыз, 2026
Тоқаев өзіне жаңа көмекші тағайындады
- 26 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




