«Таза Қазақстан»: Өңірде экологиялық зияткерлік ойындар өтті
- author «Ақ жол»
- 16 ақпан, 2026
- 428
Тараз қаласындағы «Жасөспірімдер мен жастардың ресурстық орталығында» «Экология IQ: Жасыл келешек үшін» атты зияткерлік ойыны өтті. Жекелей сында жастар жедел сұрақтарға жауап беріп, экологиялық кейстерді шешіп, визуалды тапсырмалар арқылы қоршаған ортаны қорғау бойынша білімдерін сынады. Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының директоры А.Лесбек бұл шараның жастардың экологиялық санасын қалыптастырудағы маңызын атап өтті.
Экологиялық бастамалар облыстың аудандарында да белсенді қолдау тапты. Шу ауданында «EcoQuiz: Таза Қазақстан» атты командалық квиз ойыны өтті. Қатысушылар Қазақстанның экологиясы мен табиғатты қорғау мифтері төңірегінде білім жарыстырды.
Байзақ ауданында «Жасыл аймақ» эко-симуляциялық ойыны ұйымдастырылды. Ойын барысында жастар ауданды басқару үлгісін жасап, бюджетті экология мен инфрақұрылым арасында тиімді бөлуді үйренді. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай форматтар жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық сауатты ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған.

Жамбыл облысында тұрғындардың тазалық жөнінде жергілікті атқарушы органдарға «Таза Қазақстан» акциясының ақпараттық сервисі арқылы телеграмм-ботпен өтінім беруге мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері платформа арқылы 34 өтінім түскен.
2030 жылға дейінгі «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамытудың өңірлік жоспары аясында халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, энергия мен суды үнемді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және жасыл желектерді отырғызу бағытында 47 маңызды іс-шара жоспарланса, 2026 жылы 33 іс-шара іске асырылады.
2026 жылы өңірде «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде 240 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарлануда. Қазіргі кезде көктемгі ағаш егу жұмыстарына дайындық жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




