Құжат жоғары ұйымдастырушылық әрі мазмұндық деңгейде әзірленді деп есептейміз – Азат Перуашев
- author «Ақ жол»
- 11 ақпан, 2026
- 557
Депутат жаңа Ата заңның жобасы бойынша шамамен жарты жылға созылған жұмыс барысында фракция парламенттік реформаға және құжаттың өзге де бөлімдеріне қатысты 50-ден астам түзету жолдағанын айтты.
Перуашев кәсіпкерлік құқығын қорғау, меншік нысандарының алуан түрлілігі мен кепілдіктерін сақтау, сондай-ақ банк және коммерциялық құпияны қорғау туралы ережелер жаңа Конституциядағы өзге де жаңашыл нормалармен бірге кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғауға, инвестициялық ахуалды жақсартуға және жеке бизнестің дамуына оң әсер ететініне тоқталды.
«Елімізге жай ғана инвестиция емес, ең озық технологияларды әкелуге мүмкіндік беретін «жедел дамитын қалаларға» ерекше мәртебе беру мүмкіндігін аса маңызды деп санаймыз. Өйткені жаңа өнімдер, тауарлар мен қызмет түрлері пайда болғанда, оларды реттеу тетіктері әрдайым үлгере бермейді», – деп атап өтті ол.
Фракция жетекшісі партияның бір палаталы Парламентке көшу қажеттігі жөніндегі ұстанымын тағы да растады. Оның айтуынша, партия бұл модельді дәйекті түрде жақтап келеді және Конституция жобасы «Ақ жолдың» ұлттық бизнес пен отандық кәсіпкерлердің мүддесін қорғау бағытындағы көзқарастары мен қағидаттарына сәйкес келеді.
«Құжат жоғары ұйымдастырушылық әрі мазмұндық деңгейде әзірленді деп есептейміз. Әріптестеріміздің жаңа Конституция жобасын жалпыхалықтық референдумға шығару жөніндегі ұсынысын қолдаймыз», – деді Азат Перуашев.
Ұқсас жаңалықтар
Саяси науқанға дайындық барысы пысықталды
- 2 наурыз, 2026
«Дауыс беруге арналған бюллетень»
- 28 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




