Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жамбыл облысы Ассамблея мүшелерінің халыққа ҮНДЕУІ
- author «Ақ жол»
- 7 ақпан, 2015
- 288
Қадірлі облыс тұрғындары! «Барлық қазақстандықтар – бір Отанның перзенті. Біз әртүрлі болсақ та, тең құқылымыз, ортақ Қазақ елінің азаматымыз. Біздің тілегіміз ортақ – ол барша қазақстандықтардың арманға қол жеткізуі. Біздің мақсатымыз да ортақ – ол елімізді көркейтуге жұмыла кірісу». Бұл біздің Ұлт көшбасшымыз, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзі. Біз осыдан жиырма жыл бұрын ұлтаралық келісімде өзіміздің моделімізді қалыптастырдық. Тіл табысып, ымыраласу үшін қаншама тер төгілді. Біз халықты біртұтас ұйытуда тура жолды тандадық, ол – түсіністік пен тұрақтылық. Бүгінгі танда әлемдік тұрақсыздық ушыққан уақытта Қазақ елі азаматтары ауызбіршілікті сақтауы өте маңызды. Қарапайым мәселеде шалыс баспай абыройымызды сақтап еселеу – бәріміздің міндетіміз. Көпұлтты елдің әрбір бейбіт күні үлкен еңбекті қажет етеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы – барлық 17 миллион қазақстандық, елдің болашақ тағдыры үшін жауапты екенін түсініп, жүрегімен сезінуі тиіс. Біз Қазақстан халқы Ассамблеясы және облыстық ассамблея мүшелері, этнобірлестік жетекшілері халыққа үндеу жолдап отырмыз. Төзімді болыңыздар. Әрбір іс пен әрекеттеріңіз достасуға жасалған қадам болсын. Көмекке қол созуға дайын болыңыздар, қайырымдылық танытыңыздар, жақын адамға мейірімдеріңізді төгіңіздер. Тұрып жатқан ауыл, көшелеріңізге гүл отырғызыңыздар. Естеріңізде болсын әр үй, әр отбасы, әр көше, әр ұжым тұрғындары жадырап жүрсе әлемде де тыныштық орнамақ. Саналы адам тұрақтылық пен бейбітшіліктің қадірін түсінеді. Барлық мекеме-кәсіпорын басшылары, орта және шағын кәсіп иелері, біздің үндеуімізге құлақ түріңіздер! Қолдарыңыздан қайырымды іс келсе, аянып қалмаңыздар! Ардагерлер, көп балалы отбасылар, мүгедек балалар сіздердің жәрдемдеріңізге мұқтаж. Бәріміз жұмылсақ қана қиындықты жеңе аламыз. «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 қайырымды іс» облыстық эстафетасы кең пейіл, жақсылыққа жаны құмар жамбылдықтардан қолдау тауып жатса, қуанамыз.
Қазақстан халқы Ассамблеясы және Жамбыл облыстық Ассамблея мүшелері.
Ұқсас жаңалықтар
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді