Жиын барысында фракция мүшелері жаңартылған Ата Заңның маңызына тоқталып, ұсынылып отырған өзгерістер бойынша ой-пікірлерін ортаға салды. Конституциялық реформа еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға және мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз етуге бағытталғаны атап өтілді. Аталған мәселеге Amanat партиясының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, конституциялық өзгерістер Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың саяси реформалар жөніндегі бастамалары аясында жүзеге асырылуда.
– Бұл реформаның басты ерекшелігі – халықтың тікелей қатысуымен талқылануы. Азаматтар e-Otinish және eGov порталдары арқылы өз ұсыныстарын жолдап, елдік маңызы бар пікірталасқа белсенді түрде қатысты. Алты айға жуық уақытқа созылған талқылау барысында жұмыс тобы екі мыңнан астам ұсынысты саралап, жүйеледі. Бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының нақты көрінісі, – деді Дауыл Ынтықбайұлы.
Бастапқыда Конституцияның шамамен 40 бабына өзгеріс енгізу жоспарланғанымен, талқылау нәтижесінде реформаның ауқымы едәуір кеңейген. Нәтижесінде Конституцияның барлық бөлімдері мен 77 бабына, яғни жалпы мәтіннің 84 пайызына өзгеріс енгізу ұсынылып отыр. Жиында сондайақ Жамбыл облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері Ерұлан Мағзымбеков пен Анар Сағынтаева, Тараз қалалық мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшісі Марат Жұманқұлов Конституцияның жаңа редакциясына қатысты өз пікірлерін білдірді. Жаңа Конституцияда білім мен ғылымды, инновацияны Ата Заң деңгейінде қорғау тетіктері күшейтіліп, Ұлы дала тарихының сабақтастығын сақтау мәселесіне ерекше мән берілген. Сонымен қатар
«Адам – мемлекет үшін емес, мемлекет – адам үшін» қағидатының әділетті тепе-теңдігін қамтамасыз ету көзделген.
Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ
Amanat партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




