Алдымен аймақ басшысы аудандық полиция бөлімі орналасқан ғимаратты аралады. Ғимараттың жалпы ауданы – 620 шаршы метр. «Фортис контрекшен» ЖШС мердігерлігімен жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары 2024 жылдың қазан айында басталып, 2025 жылдың қазанына дейін жалғасты. Жобаның құны – 444,3 миллион теңге. Облыс әкімі құқық бұзушылықтың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті сақтау басты назарда болуы тиіс екенін атап өтіп, полиция бөлімінің ұжымына жауапты қызметте сәттілік тіледі.
Бұдан кейін заманауи талаптарға сай жабдықталған аудандық мемлекеттік архив ғимаратымен танысты. Мұнда архив қызметкерлерінің тиімді жұмыс істеуіне және құжаттарды сапалы сақтауға барлық жағдай жасалған. Нысанда арнайы үш қойма қарастырылып, қауіпсіздік талаптары толықтай нормативке сәйкес қамтамасыз етілген.
– Өткен тарихымыздың алтын қазыналары мұрағатта сақтаулы. Сондықтан құжаттардың бүлінбей, ұрпақтан ұрпаққа жетуі маңызды. Облыстағы архив ғимараттарын бюджет мүмкіндігіне қарай талапқа сай келтіретін боламыз. Архив құжаттарын цифрландыру жұмыстары үздіксіз жүргізілуі тиіс, – деді облыс әкімі.
Сапар аясында аймақ басшысы 280 орындық «Балдәурен» бөбекжайбақшасының құрылысын да назарға алып, нысанды биылғы жылдың 1 наурызына дейін пайдалануға беруді міндеттеді.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа Конституция жобасы кеңінен түсіндірілді
- 26 ақпан, 2026
Елдің бағытын қалыптастыратын маңызды қадам
- 26 ақпан, 2026
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




