– Қазіргі таңда Ат а Заңымызға едәуір өзгерістер еніп, ашықталқылауға түсіп жатқаны белгілі. Бұл – ел дамуына бағытталған маңызды қадамдар. Арнайы Конституциялық комиссия мүшелері алты айға жуық уақыт шешім қабылдап, жобаны әзірлеп ұсынды. Мұнда ел бірлігі, тұтастығы, мемлекеттің барлық құндылықтары, азаматтардың мүдделері кең қамтылған. Дегенмен әлеуметтік желілерде жалған хабарлар да тарап жатыр. Мұндай негізсіз жазбаларға кең талғаммен, жоғары пайым-парасатпен қараған жөн. Елдің күші жастарда. Мен алдағы референдумда белсенділік танытады деп меркілік жастарға сенемін. Сіздерді тыңдауға келдім, ұсыныстарыңызды айта отырыңыздар. Жастардың көзқарасы ерекше маңызды, – деді өңір басшысы.
Жиында Меркі аудандық жастар ресурстық орталығы мекемесінің директоры Нұрбек Жұманазаров Конституциялық өзгерістерді толық қолдайтынын, жаңа қадам ел дамуына оң әсер ететінін айтты.
«Біз жаңа Конституция жобасы бойынша ауыл ауылды аралап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын бастап кеттік. Негізінен тұрғындардың оң көзқарасын байқадық. Әр ауыл жастары жобаға қатысты ойларын айтып, қызу қолдап жатыр. Аудан жастары ел дамуына қатысты реформалар мен шешімдерге бейжай қарамай, үн қосады», – деді ол.
Жиын барысында сөйлеген белсенді жас Ақбөпе Төленқызы кадр саясаты, ел бірлігі, Парламенттік реформа туралы ой-пікірін білдіріп, меркілік жастар бұл Конституциялық жобаны қызу қолдап отырғанын, референдумға да белсенді қатысады деген сенімі мол екенін айтты. Басқосуды облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы қорытындылап, еліміздегі жаңа қадамдарға деген белсенділіктері мен оң пікірлері үшін алғысын білдірді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа Конституция жобасы кеңінен түсіндірілді
- 26 ақпан, 2026
Елдің бағытын қалыптастыратын маңызды қадам
- 26 ақпан, 2026
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




