Республиканың барлық өңірлерінен 70 мамандандырылған білім беру ұйымының жас педагогтері қатысқан хакатонда жамбылдық жас мұғалімдер топ жарды. Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін ашуға және кәсіби қоғамдастықтағы өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік берген хакатонда қатысушылар командалық форматта жұмыс істеп, өз жобаларын әзірлеп, тәжірибе алмасты және кәсіби пікірталастарға қатысты. Байқау нәтижесінде өңіріміздің 5 педагогі жеңімпаз атанды.
Атап айтсақ, облыстық мамандандырылған ІТ лицей-интернатының физика пәнінің мұғалімі Алтынай Арынбекова бас жүлдені олжалады.
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейінің химия пәні мұғалімі Сымбат Сарсенова I дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп гимназиясының физика пәні мұғалімі Айгүл Сихымбекқызы да I дәрежелі дипломға ие болды. Ал II дәрежелі дипломды Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының информатика пәнінің мұғалімі Нұрмұхаммед Пернебек және Айшабибі атындағы Білім-инновация лицей-интернатының биология пәнінің мұғалімі Нұрай Тоқшылық жеңіп алды.
Білім бәйгесінде жеңіс тұғырынан көрінген жас педагогтарымыз өңіріміздегі білім саласының әлеуетін байқатса керек.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Жас ізденімпаздар жоғары оқу орнына жолдама алды
- 23 ақпан, 2026
Жаңа кітап таныстырылды
- 20 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




