«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бағаның сақталуына қоғамдық бақылау қажет

Бағаның сақталуына қоғамдық бақылау қажет
Автор
Дәрілердің қолжетімділігі – халық денсаулығын сақтаудағы өте маңызды мәселе. Адам қажетті дәріні уақытында және қолайлы бағамен ала алса ғана ем тиімді болады.

Бұл асқынулардың алдын алуға, әлуметтік теңдікті қамтамасыз етуге және халықтың өмір сапасын арттыруға тікелей ықпал етеді. Елімізде дәрілік заттарға баға белгілеу тетігін жетілдіру аясында Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан жүйелі шаралар қабылданып, дәрілік заттардың халық үшін экономикалық қолжетімділігін арттыруға бағытт алған жұмыст ар жүргізілуде.

Атап айтқанда, 2025 жылы министрліктің бұйрығымен дәрідәрмектердің 2900 сауда атауына құны қайта қаралып, жаңа шекті құны бекітілді. Сонымен қатар азаматтар үшін қоғамдық бақылау барысында заң бұзушылық байқалған жағдайда тиісті уәкілетті органдарға dari.kz мобильді қосымшасы арқылы шағымдану мүмкіндігі қарастырылған. Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Дәрілер бағасына қоғамдық бақылау жүргізу туралы» 2026 жылғы 6 қаңтардағы хатына сәйкес барлық деңгейдегі Қоғамдық кеңестерге 8 қаңтар мен 1 ақпан аралығында дәріханаларда дәрілік заттар бағаларының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізу тапсырылған болатын.

Осы мақсатта облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелері дәрілердің бағасына қоғамдық бақылау жүргізу кестесіне сәйкес Тараз қаласы және Байзақ, Жуалы, Жамбыл, Қордай, Сарысу, Талас, Т.Рысқұлов, Меркі, Шу, Мойынқұм аудандарында орналасқан дәріханаларда жаңа шекті бағалар бекітілген дәрілердің сауда бағасына қоғамдық бақылау жүргізді.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің облыс бойынша департаментінің мәліметінше, облыста барлығы 440 дәріхана тіркелген. Оның ішінде 227 дәріхана Тараз қаласында, ал 213 дәріхана аудандарда орналасқан. Өңіріміздің 10 ауданында және Тараз қа ласында орналасқан дәріханаларға қоғамдық бақылау жүргізу барысында кеңес мүшелері құпия сатып алу тәсілін қолдану арқылы 17 дәрінің сауда бағасы бекітілген жаңа шекті бағаларға сәйкес келмейтінін анықтады.

26 қаңтарда «QAZAQSTAN», «Хабар», «24.kz» ре спубликалық телеарналарына қоғамдық бақылау қорытындылары туралы ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында дәрілердің қолжетімділігі тек медицина ғана емес, бұл қоғамның әлауқаты мен қауіпсіздігінің көрсеткіші екендігі туралы Қоғамдық кеңес мүшелері сұхбат берді. Қоғамдық кеңестің қоғамдық бақылау қорытындылары бойынша дәріханаларда жоспардан тыс тексеріс жүргізу туралы хаты тиісті мемлекеттік органға жолданды. Қоғамдық бақылау барысы дәрілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылауды азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесіп жүйелі түрде жүргізу бүгінгі күннің маңызды мәселесі екенін көрсетті.

 

Уалихан СЕКСЕНБАЕВ

облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі

Ұқсас жаңалықтар