Жаттықтырушылар жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастырады
- author «Ақ жол»
- 5 ақпан, 2026
- 576
– Жаттықтырушылар өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Сіздер тәлімгер ретінде жастардың мінезін, тәртібін және азаматтық ұстанымын тәрбиелейсіздер. Әрқайсыларыңыздың пікірлеріңіз маңызды, сіздер арқылы құндылықтар келесі ұрпаққа беріледі. Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы азаматтардың құқықтарының, оның ішінде білім беру мен салауатты өмір салты құқықтарының кепілдіктерін күшейтеді. Құжат әділеттілік қағидаттарын, мемлекеттің қоғам алдындағы тең мүмкіндіктері мен жауапкершілігін нығайтуға бағытталған. Бұл спорт саласына да тікелей қатысты. Конституция жобасын талқылау – бұл әркімнің өз ұстанымын айтуға және тыңдауға мүмкіндігі. Біз белс енділік таныту арқылы ғана күшті және әділ мемлекет құра аламыз, – деп атап өтті Серік Жақсылықұлы.
Облыстық спорт ардагерлері кеңесінің төрағасы Тауырбек Қарауылтегі әріптестерін жаңа Конституцияның жобасын қолдауға, оның негізгі идеяларын спортшылар мен ата-аналарға жеткізуге шақырды. «Жаңа Конституцияның жобасы спорттың адалдықпен, әділдікпен және еңбекқорлықпен үндес қағидаттарын нығайтады. Сіздерді талқылауға белсенді қатысуға, өз пікірлеріңізбен бөлісуге және Конституциясының жаңа жобасын қолдауға шақырамын, – деді ол өз сөзінде.
Кездесу соңында жаңа Конституция жобасы бойынша пікір алмасып, жалынды жастар арасында конституциялық өзгерістерді кеңінен түсіндірудің маңыздылығына айрықша мән берілді.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Табысының 1 пайызын ғылымға береді
- 2 сәуір, 2026
Мемлекет басшысы бірқатар Заңға қол қойды
- 27 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




