Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев халыққа Жолдауында саяси жаңғырудың негізгі бағыттарын айқындап, парламенттік реформаларды іске асыру қажеттілігін атап өткен болатын. Қоғамда кеңінен талқыланып, азаматтар өз өтініштерін жолдап, ұсыныс-пікірлер түскен. Барлығы қарастырыла келе жарияланған жаңа Конституцияны түсіндіру мақсатында қазір көптеген ұжымдарда басқосулар өткізіліп жатыр.
– Алғашқы кезеңде парламенттік реформа аясында Конституцияның шамамен 40 бабына өзгерістер енгізу жоспарланған болатын. Алайда жүргізілген талдау мен талқылаулардың нәтиже сінде түзетулер ауқымы әлдеқайда кеңейді. Олар саяси және қоғамдық өмірдің көптеген өзге де салаларын қамтыды. Осыған байланысты конституциялық комиссия құрылды. Конституциялық комиссия халықтан түскен ұсыныспікірлерді әлі де қарастырып жатыр. Комиссия барысында Конституцияның барлық негізгі ережелері қайта қаралды. Ұсынылған түзетулер Конституцияның барлық бөлімдерін қамтып, Ата Заң мәтінінің 84 пайызын құрап отыр. Осылайша комиссия мүшелері еліміздің жаңа Конституциясын әзірлеу мәселесін күн тәртібіне шығарып, Ата Заңның жаңа редакциясындағы тұжырымдама лық өзгерістер мемлекеттің адамға бағдарланған сипатын күшейтуге, Қазақстанды қоғамға тән өзекті құндылықтар мен қағидаттарды айқындауға, сондай-ақ саяси институттардың тиімділігін арттыруға бағытталды. Сонымен қатар жаңа Конституция жобасында ескірген терминология жаңартылып, жаңа жалпыұлттық диалог платформасы құрылды, – деген Ербол Шырақпайұлы жаңа Конституцияның жобасындағы өзгерістерге кеңінен тоқталды.
Университет оқытушылары да ел ертеңі үшін маңызды құжаттың жаңа жобасына қатысты өз пікірлерін ортаға салды. Оқытушылар студенттер арасында да түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, пікірлесулер ұйымдастырылып отырғанын жеткізді.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




