«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бұйрықты дұрыс рәсімдемеуден түсініспеушілік туындайды

Бұйрықты дұрыс рәсімдемеуден түсініспеушілік туындайды
Автор
Жуалы ауданында өткен жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 17 миллиард 512 миллион 886 мың теңге бөлініп, игерілген. Ал педагог қызметкерлерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға педагогтер мен техникалық және шағын орталық қызметкерлеріне 177 миллион 856,3 мың теңге қаралған.

– Әлеуметтік әріпте стік аясында Ұжымдық шартта көзделген нормалар аудандық білім бөлімі тарапынан орындалуда. Мәселен, білім беру ұйымдарының қызметкерлері іс жүргізушілер мен есепшілердің жұмыс ауқымының артуына байланысты лауазымдық жалақысы 50 пайызынан кем емес көлемде барлығы 13 миллион 4134,6 мың теңге төленді. Сондай-ақ кітапханашылардың лауазымдық жалақысына 30 пайыз, іс жүргізушілер мен хатшылардың еңбекақысына 50 пайыз қосымша ақы төлеу жүзеге асырылды. Сонымен қатар білім беру ұйымындағы мұрағаттық құжаттарды сақтауға жауапты мұрағатшыларға 30 пайыздық үстемеақы белгіленді. Бұдан бөлек әжетхана тазалаушылардың жұмысының зияндығын ескере отырып, оларға 35-тен 50 пайызға дейінгі аралықта үстемеақысы көтерілді. Есепшілердің айлық жалақыларына 50, іс-жүргізушіге 2021 жылдан бастап 50 пайыз үстемеақы қосылды. Мұның барлығы облыстық кәсіподақтың араласуымен мүмкін болған жұмыстар, – деп атап өтті.

Жуалы аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Азамат Байтишев. Ал аудандық комитеттің өткен жылы атқарған жұмысының барысы туралы филиал төрағасы Мәжит Айжанов баян етті. Аудандық комитеттің құрамында 75 бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді. Оның мүшелік саны – 3767. Комитет құрамы білім беру ұйымдарының өкілдерінен, кәсіподақтың бастауыш ұйымдарының жетекшілері мен белсенділерінен, кәсіподақ мүшелерінен жасақталған 77 адамды құрайды. Атқарылған жұмыс есептік баяндамада жанжақты қамтылып, жарыссөзге шыққан кәсіподақ мүшелері тарапынан оң бағаланды. Д.Қонаев атындағы мектепгимназиясының директоры Жанболат Орынбек пен №4 өнер мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшісі Ринат Аубакиров өз мекемесінде атқарылған жұмыс барысына тоқталып, комитет жұмысына жақсы баға берді. Ал №1 бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Гүлмира Даниярова мекеме жұмысы туралы баяндай келіп, ғимараттың бүгінгі жағдайына тоқталды.

– Ауданымыздағы тарихы ғасырға жуық №1 бөбекжай балабақшасы 1954-1959 жылдар аралығында салынған жекежеке орналасқан ғимараттардан тұрады. Ескі ғимараттың қазіргі жағдайы сын көтермейді. Шынын айтқанда, бізге бүгінгі күні заман талабына сәйкес келетін ғимарат қажет. Бұған дейін қанша рет жаңа ғимарат салу мәселесі көтерілсе де, өкінішке орай бұл істе ілгерілеу болмай тұр. Мүмкіндікті пайдалана отырып, осы мәселенің білім басқармасы тарапынан шешім табуына жергілікті кәсіподақ өз тарапынан қозғау салса, – деген Гүлмира Даниярова ұсынысын жеткізді.

Ал жиын барысында көтерілген сұрақтарға және филиалдың жұмысына байланысты Ұжымдық шартта көзделген нормаларға арнайы тоқталған Ерұлан Мағзымбеков бүгінге дейін жергілікті кәсіподақтың осы құжат негізінде жеткен жетістіктерін ашып түсіндіріп берді.

– Пленум жылда өткізілетін жиын. Бірақ әр жылдың өзіндік ерекшелігі бар. Ал Ұжымдық шартта жазылған нормалардың өздігінен орындалмайтыны белгілі. Мұнда біздің өңірлердегі әлеуметтік әріптестеріміздің Ұжымдық шартта көзделген нормалардың жүзеге асуына тигізіп отырған үлесі мол. Қалай дегенмен, кейде бұйрықтардың дұрыс рәсімделмей педагогтер арасында түсініспеушіліктер туындап жататыны да бар. Бұл мәселе үйде оқытылатын пән мұғалімдеріне қатысты. Осы ретте ескерткім келетіні – бұйрықтарды дұрыс рәсімдеу. Қорыт а айтқанда, біздің жұмысты заңгерсіз елестету мүмкін емес. Олардың мұғалімдерге деген көмегі біздің жұмысымыздың нәтижесін арттырып отыр, – деді жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков.

Пленум барысында қаулылар қабылданып, 2026 жылдың қаржылық сметасы бекітіліп, кездесу соңы марапаттауға ұласты.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Жуалы ауданы

Ұқсас жаңалықтар