Меркі аудандық комитетінің төрағасы Мадина Асанжанова былтыр аудандық комитеттің 12 отырысы өткізілгенін айтады.
Жалпы, комитетке қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымы – 55. Ондағы кәсіподақ мүшелерінің саны – 4766 адам.
– Әлеуметтік әріптестік аясында Ұжымдық шартта көзделген нормалардың ішінде кітапхана меңгерушілері мен кітапханашылардың жалақысына 30, іс жүргізушілерге 50 пайыздық үстемеақы төленді. Сондай-ақ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына, кітапхана меңгерушілері мен кітапханашылардың кезекті еңбек демалысына қосымша ақылы үш күнтізбелік күн берілді. Бұдан бөлек Ұжымдық шарт негізінде есепші мамандардың жалақысына қосылған 30 пайыз қосымша ақыны құқық қорғау органдары негізсіз деп танып, қайтару міндеттелген. Бұл бойынша екі жарым жылға созылған сот процесінде кәсіподақ ұйымы өкілдік көрсетіп, қызметкерлердің құқықтарын қорғап қалды. Өткен жылы құқықтық инспекторға сұрақпен 706 кәсіподақ мүшесі қайырылған. Ауызша және жазбаша және әлеуметтік желі арқылы қойылған сұрақтарға жауап берілді, – дейді Мадина Асанжанова.
Аудандық кәсіподақ комитетінің жұмысына оң бағасын берген №9 Меркі колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Жазира Мадибаева өз ұжымында атқарылған жұмыс барысымен таныстырып өтті. Ал Тескентоған орта мектебінің іс жүргізушісі Назира Майлыбекова іс жүргізушілердің қызмет көрсету ауқымының артуына байланысты қосымша ақы 50 пайыздан кем емес жалақыларына төленіп отырғанын айтты. «Аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитеті арасында жасалған Ұжымдық шарт негізінде іс жүргізушілерге 2021 жылы жалақыларына 30 пайыз қосымша ақы төленсе, 2023 жылы оның көлемі 50 пайызға өсті. Аталған қосымшалар мен үстемеақылардың барлығы 2024-2026 жылдарға жасалған Ұжымдық шартта өз жалғасын тауып, қызметкерлерге ашық әрі әділ түрде тағайындалды», – деп атап өтті ол.
Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзұмбеков Ұжымдық шарт нормаларында көзделген қосымша үстемеақылар, педагогтер мен кіші қызметкерлердің сауықтыру ақыларын төлеу, демалыс уақытын ұйымдастыру, құқықтарын қорғау аясында іске асырылған жұмыстарды рет-ретімен баян етті.
– Барлық ауданда пленумдар өтті. Онда атқарылған жұмыстар, жеткен жетістіктер, берілген құқықтық кеңестер бәрі айтылды. Соңғы жиырма жылдан аса уақытта жетілдірілген Ұжымдық шарттағы орындалған жетістіктерді ешкім жоққа шығара алмайды. Әлі де әттегенай, шарттың мына тұсын жетілдіре түсу керек екен деген ойлар, жобалар жоқ емес. Алдағы жаңа Ұжымдық шартты қолға алғанда ол ойларды өздеріңізбен бірге кеңесе отырып қосамыз. Әрине, бұл жұмыстар әлеуметтік әріптестеріміздің қолдауымен жүзеге асырылады. Ал біздің тарапымыздан берілетін құқықтық көмектерде заңгерлердің атқарып отырған рөлі жоғары. Жұмыс барысында біз түрлі мәселелермен бетпе-бет келеміз. Көп жағдайда тұйыққа тірелеміз. Одан бізді алып шығатын да осы заңгерлер. Білім қызметкерлерінің 80-90 пайызы осы заңгерлердің көмегіне жүгінеді. Оның барлығы дерлік мәмілемен шешіледі. Біздің жұмысымызды заңгерлерсіз елестету мүмкін емес, – деді Ерұлан Сәбенұлы.
Жиын барысында қаулылар қабылданып, 2026 жылдың қаржылық сметасы бекітіліп, кездесу соңы марапаттауға ұласты.
Меркі ауданы
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Көптеген ізгі істерге ұйытқы болып жүр
- 27 қаңтар, 2026
Ветеринариялық қауіпсіздік тұрақты сақталуда
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




