Конференция барысында әкенің тек отбасының асыраушысы ғана емес, баланың тұлға болып қалыптасуындағы негізгі тәрбиеші екені кеңінен айтылды. Әсіресе ұл мен қыз тәрбиесіндегі әкенің ықпалы, мінез-құлық, жауапкершілік, еңбекке баулу, отансүйгіштік пен адамгеошілік құндылықтарды сіңірудегі рөлі нақты мысалдармен тарқатылды.
Шараға арнайы келген облыстық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған әкелер кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Бердалыұлы «Дәстүрлі тәрбие діңгегі – әке өнегесі» тақырыбында баяндама жасап, қазіргі цифрландыру дәуірінде әкелердің бала тәрбиесіне белсенді араласуы аса маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар өзге де қонақтар сөз сөйлеп, баламен сапалы уақыт өткізу, оның ішкі жан дүниесін түсіну, ашық әңгіме құру бүгінгі әкенің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.
Отбасыдағы әке мен ананың өзара сыйластығы мен бірлігі баланың болашағына тікелей әсер ететіні де назардан тыс қалмады. Сондайақ мектеп оқушыларынан құралған өнерпаздар ән шырқап, тәрбиелік мәні мол сахналанған қойылым көпшілік назарына ұсынылды
Aq jol-Aqparat
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




