Өткен жылы өңірдің асыраушы саласы – ауыл шаруашылығын дамытуға 46,9 миллиард теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік қолдау аясында 7 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушісіне 32,6 миллиард теңгеден астам субсидия төленді. Сонымен қатар қаржы институттары мен микроқаржы ұйымдары арқылы 1 мыңға жуық агроқұрылымға 17,4 миллиард теңге несие берілді.
Көрсетілген қолдаулардың нәтижесінде 514,7 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Оның ішінде егін шаруашылығы өнімдерінің көлемі 2 , 2 пайызға, мал шаруашылығы өнімдері 1,9 пайызға артты. Тірі салмақтағы ет өндірісі 133,3 мың тоннаны құрап, 2,6 пайызға, ал сүт өндірісі 230 мың тоннаға жетіп, 1,6 пайызға ұлғайды.
Облыстағы жалпы мал басы 3,7 миллион басты құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 168 мың басқа немесе 2,7 пайызға өсті. Атап айтқанда, мүйізді ірі қара саны 441,6 мың басты құрап, 12,2 мың басқа немесе 8 пайызға, қой саны 3,1 миллион басқа жетіп, 132,6 мың басқа немесе 4,4 пайызға, жылқы саны 197,2 мың басты құрап, 23,3 мың басқа немесе 13,3 пайызға артты. Сондай-ақ құс саны 2,3 миллион басты құрап, 18,6 пайызға өсті. Жыл қорытындысымен ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция көлемі 84,8 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде 65,8 миллиард теңге тамақ өнімдері өндірісіне бағытталды.
Жалпы құны 28 миллиард теңгені құрайтын 15 инвестициялық жоба іске асырылып, 108 жаңа жұмыс орны құрылды. Атап айтқанда, қуаттылығы 30,3 мың тоннаны құрайтын 6 көкөніс сақтау қоймасы, 2 мың басқа арналған екі бордақылау алаңы, 1 мың басқа арналған тауарлы сүт фермасы, қуаттылығы 70 мың бас құс сою цехы, сондай-ақ жылына 11,6 мың тонна өнім өңдейтін 4 қайта өңдеу кәсіпорны пайдалануға берілді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Көптеген ізгі істерге ұйытқы болып жүр
- 27 қаңтар, 2026
Ветеринариялық қауіпсіздік тұрақты сақталуда
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




