Жаңа жыл мерекесі қарсаңында партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Жаңа жылдық серпантин» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Оған партия аумақтық филиалдарының төрағалары, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары және бастауыш партия ұйымдары төрағаларының қатысуымен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған түрлі деңгейдегі мерекелік іс-шаралар өткізілді. Amanat партиясының облыстық филиалы саяси жұмыс бөлімінің консультанты Нүрила Суннатулақызының айтуынша, мүгедектігі бар азаматтардың кедергісіз өмір сүруіне қажетті жағдайдың жасалуы партия назарында болады. Партияның «Кедергісіз келешек» жобасы 2014 жылдан бастап жүзеге асырылуда.
Жобаның мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға жәрдемдесу. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз орта құру, жастарға, балаларға инклюзивті білім беру, мүмкіндігі шектеулі адамдарға өз бетінше табыс тауып, өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жұмысқа орналасуға көмектесу. Бүгінде облыс бойынша 45737 мүгедектігі бар адам тіркелген. Оның ішінде 1-топтағылар 4427 адам, 2-топтағылар 16758, 3-топтағылар 17645 адам, ал 18 жасқа дейінгі 6907 мүгедек бар. Бұл облыс халқының жалпы санына шаққанда 3,7 пайызды құрайды. Өткен жылы аталған жоба аясында 430 іс-шара өтіп, оған 6669 адам қамтылды, – деген Нүрила Суннатулақызы ұйымдастырылған іс-шаралардың маңыздылығын да атап айтып берді.
Мәселен, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қолынан шыққан түрлі бұйымдарын сатып, табыс табуына қолдау көрсету үшін арнайы жәрмеңке ұйымдастырылған. Бұл олардың қолөнермен айналысып, одан пайда көруімен өмір сүруге ынтасын арттырады. Сол секілді мүгедектігі бар азаматтарды қолдау мақсатында, «Кедергісіз келешек» жобасы аясында партияның облыстық және аудандық филиалдары мен «Мансап» орталықтарының ұйымдастыруымен жыл басынан бері өңірде ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған 43 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілген. Өткен жылғы бос жұмыс орны жәрмеңкелерінің нәтижесінде 669 мүгедектігі бар азамат тұрақты жұмыспен қамтылып, 697 адам уақытша жұмысқа орналасқан. Ұйымдастырушылар межеленген көрсеткіштерді орындау барысын тұрақты бақылауда ұстап отыр.
– Өткен жылы ерекше қажеттілігі бар жандарға нысандардың қолжетімділігін тексеру мақсатында 212 рейд жүргізілді. Мониторинг барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған автотұрақ, пандус, қызметкерлерді шақыру қоңырауы, бағыттаушы тактильді сары жолақтар, брайль әріптерімен жазылған тактильді ақпараттық тақташа, бағыттаушы белгілер, арнайы әжетхана болуы жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ 260 нысанның әлеуметтік инфрақұрылымдары бейімделді және кейбір нысандар бойынша тиісті мекемелерге 25-тен аса ұсыныстар берілді. Өскелең ұрпақ үшін кедергісіз орта құру партияның сайлауалды бағдарламасында нақты белгіленген. Партиямыздың бастамасымен ұйымдастырылған «Тең мүмкіндіктер» инклюзиялық спорт фестивалі тең жағдайда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың құрдастарын біріктірген бірегей оқиға болды. Дәстүрлі инклюзивті іс-шаралардан айырмашылығы, бұл фестиваль балаларға айырмашылықтарды көрсетпей, керісінше, ортақ мүмкіндіктерге баса назар аудара отырып, бірдей шарттарда бәсекелесуге мүмкіндік берді. Екі жыл қатарынан облыс бойынша 200-ден астам бала қамтылды. Олардың үштен бірі – ерекше қажеттіліктері бар балалар, спорттың барлығына қолжетімді екенін және тең мүмкіндік тең қатысудан басталатынын көрсетті. Екінші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан «Тең мүмкіндіктер» атты инклюзиялық спорт фестиваліне жамбылдық жас өрендер қатысып, жүлделі орындардан көрінуде. Биылғы жылы аталған фестивальге Жамбыл облысынан Астана қаласында өткен республикалық фестивальге 11 команда қатысып, өңір намысын абыроймен қорғап қайтты. Жарыс нәтижесін атап айтар болсақ, Бочча спорт түрінен 7-8 сынып оқушылары арасында Тараз қаласындағы №3 мектеп-лицей командасы І орын иеленді. 5-6 сынып оқушылары арасында өткен көңілді эстафетада Тараз қаласындағы №63 орта мектептің командасы ІІІ орын алды. 7-8 сынып арасындағы дәл осы сайыста Т.Рысқұлов ауданының командасы да жүлделі үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар жандардың қоғамдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер бұйымдарының сатылым жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 800 мың теңгенің қолөнер бұйымдары сатылды, – дейді Amanat партиясының облыстық филиалы саяси жұмыс бөлімінің консультанты Нүрила Суннатулақызы.
Amanat партиясы мен «Болашақ» қорының қолдауымен облыстағы мектептерде 10 инклюзияны қолдау кабинеттері мен ресурстық орталықтар ашылған. 2022 жылы Тараз қаласынан 4 мектептен, Қордай және Т.Рысқұлов аудандарынан 2 мектептен инклюзияны қолдау кабинеттері, 2023 жылы Шу ауданынан 2 ресурстық орталық және осындай орталық 2025 жылы Меркі мен Қордай аудандарынан да бірбірден ашылып, жұмыстарын бастаған. Мұның бәрі де ерекше қажеттілігі бар азаматтарға көрсетіліп жатқан қолдау және ол тоқтаусыз жалғаса береді.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Әлеуметтік игіліктерді әділ бөлетін жүйе құрылады
- 19 қаңтар, 2026
Күн сайын көркейген Қаратау
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




