Іс-шар барысында филология ғылымдарының докторы Сәмен Құлбарақ, Мәдениет саласының үздігі Ербол Қамбатыр сөз алып, жыр алыбының еңбектері таусылмас тағылым екенін айтты. Сонымен қатар, Тараз қаласындағы №5 Жамбыл атындағы мектеп –гимназиясының кітапханашысы Ұлпан Өмірзақова өзінің ойын ортаға салды.
Аталған білім ошағының шәкірттері Төлеген Қаршыға, Құрмет Телеу, Еңлік Әбдімомын жыр алыбының өлеңдерін жатқа оқыса, Аяжан Жаңабаева мен Аружан Болатбек күмбірлете күй тартты.
2025 жылы өткен ре спублика лық «Қола домбыра» айтысының жеңімпазы Інжу Жаңабай жырдан шашу шашты. Тараздық жас айтыскер Дидар апбасов пен осы жолдардың авторы жақсы айтыс жас ады.
Аталған кітапхананың кітапханашылары осы кезге дейін Жамбыл Жабаевқа арналып шығарылған кітаптарға шолу жасап, көпшілікке таныстырып өтті. Олардың ақын өлеңдерін жатқа оқығаны да қатысушыларға жылы әсер қалдырды.
Рухани шара барысында Жамбыл Жабаевтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасы кеңінен насихатталып, оның халық жадындағы орны, қазақ поэзиясындағы дара болмысы сөз болды.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Қаламгердің шығармасы өз дауысымен жазылады
- 5 наурыз, 2026
Ақжал ақын Серік Томановтың туғанына – 70 жыл
- 4 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




