Алгоритмдік ойлау – кез келген бағдарламалаудың негізі болғандықтан, оны тиімді оқыту оқушылардың болашақта IT саласында табысты болуына ықпал етеді. Ал алгоритм дегеніміз – белгілі бір мақсатқа жету үшін орындалатын әрекеттердің нақты, реттелген тізбегі». Оқушылар үшін алгоритм ұғымын түсіну, оны құру және қолдану кейде қиынға соғады. Осы жағдайда жасанды интеллект оқытуда көмекші құрал ретінде үлкен рөл атқарады. Нақтырақ айтар болсақ, біріншіден, жасанды интеллект алгоритмдерді түсіндіру процесін жеңілдетеді. ЖИ негізінде жұмыс істейтін оқу платформалары алгоритмдерді қадамқадаммен көрсетіп, әрбір әрекеттің мәнін түсіндіреді. Бұл оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, күрделі тақырыптарды оңай меңгеруіне көмектеседі.
Екіншіден, жасанды интеллект жеке оқыту мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Әр оқушының қабылдау деңгейі әртүрлі болғандықтан, ЖИ оқушының білім деңгейін талдап, соған сәйкес тапсырмалар ұсына алады. Егер оқушы алгоритмді дұрыс құра алмаса, жасанды интеллект оның қатесін анықтап, түсіндірме беріп, дұрыс жолын көрсетеді. Үшіншіден, жасанды интеллект алгоритмдерді тәжірибе арқылы үйренуге жағдай жасайды. Оқушылар ЖИ көмегімен қарапайым алгоритмдер құрып, олардың орындалу нәтижесін бірден көре алады.
Төртіншіден, жасанды интеллект оқушылардың өздігінен білім алу дағдысын қалыптастырады. Виртуалды көмекшілер мен чат-боттар оқушылардың сұрақтарына жедел жауап беріп, қосымша ақпарат ұсынады. Сонымен қатар жасанды интеллект алгоритмдерді оқытуда уақытты үнемдеуге көмектеседі. Мұғалім барлық оқушыға бірдей уақыт бөле алмаған жағдайда, ЖИ әр оқушымен жеке жұмыс жүргізе алады. Алайда жасанды интеллектіні қолдану кезінде жауапкершілік пен академиялық адалдықты сақтау маңызды. Оқушылар ЖИ-ді дайын жауап алу үшін емес, білімін дамыту үшін қолдануы керек.
Қорытындылай келе, информатика сабағында алгоритмдерді үйретудегі жасанды интеллектінің мүмкіндіктері өте кең екенін атап өтемін. Жасанды интеллект оқушылардың алгоритмдік ойлау қабілетін дамытып, заманауи білім алуға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда мұғалімдер үшін жасанды интеллект – кәдімгідей көмек. Ол сабақ жоспарын тез құруға, тапсырмаларды түрлендіруге және оқушы деңгейіне сай материал дайындауға мүмкіндік береді. Уақыт үнемделген соң мұғалім оқушымен тікелей жұмысқа, тәрбиелік мәні бар әңгімеге көбірек көңіл бөле алады. Ең бастысы, ЖИ мұғалімді алмастырмайды, керісінше оның кәсіби мүмкіндігін кеңейтетін сенімді құралға айналып отыр.
Айгерім УСАБЕКОВА
№5 М. Ломоносов атындағы орта мектебі информатика пәнінің мұғалімі
Жуалы ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




