«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

11 мәдениет нысаны пайдалануға берілді

11 мәдениет нысаны пайдалануға берілді
Автор
Облыста 2025 жылы 11 мәдениет нысаны халық игілігіне берілді. Биыл тағы 5 мәдениет үйін пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл туралы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай өткен жылдың қорытындылары бойынша өткен алқа мәжілісінде баяндады.

Бүгінде облыста халыққа мәдени қызмет көрсететін 506 мекемеде 3648 қызметкер еңбек етуде. 2025 жылы 11 мәдениет нысаны пайдалануға берілді. 207 миллион теңгеге 16 мәдениет нысаны ағымдағы жөндеуден өтті. Биыл Жамбыл ауданында – 2, Талас ауданында – 2, Т.Рысқұлов ауданында 1 мәдениет үйінің құрылысы жоспарлануда. Өңірде 202 мәдениет үйі мен клуб мәдени-көпшілік қызмет көрсетіп келеді. 819 клуб құрылымына 10918 адам тартылған, оның ішінде балаларға арналған 620 үйірмеге 8526 бала қатысады.

Аймақ халқының мәдени-рухани сұранысын қанағаттандырып отырған 275 мемлекеттік кітапхана жұмыс істейді. Жергілікті ақынж азушылардың кітаптарының электронды нұсқаларына еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында «Әулиеата кітапханасы» («Aulieata library») мобильді қосымшасы іске қосылды.

Аталған қосымша Google Play және App Store платформаларында орналастырылып, 115 автордың 276 кітабын оқуға мүмкіндік береді. Облыс театрлары 11 жаңа қойылыммен толықты. Театр ұжымдары 400 қойылым ұсынып, оларды 69995 көрермен тамашалады. Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрына «академиялық» мәртебе берілді. К.Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдары 316 концерт ұйымдастырып, 79571 көрерменді қамтыды.

Биыл ерте ортағасырлық «Бесағаш» (VI–XII ғғ., Атлах) қалашығының орнына 25 миллион теңгеге және Қазақ хандығы ту тіккен аймақта 20 миллион теңгеге ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Облыс музейлерінде 2563 экскурсия өткізіліп, түрлі тақырыптарда 497 көрме ұйымдастырылды. 120972 экспонатты 65917 келуші тамашалады. Сонымен қатар облыстық тарихиөлкетану музейінің құрамында «Бауыржан Момышұлы» музейі ашылды.

Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығы жанынан «Асабалар алаңы» қоғамы құрылып, той мәдениетіне арналған әдістемелік нұсқаулық дайындалды. Бала тәрбиесін бесіктен бастаудың бір үлгісі ретінде «Әжемнің ертегілеріне саяхат» жобасы табысты жүзеге асырылып, ерікті әжелерге арналған ертегілер жинағы жарық көрді. Орталық тарапынан жалпы саны 7 кітап шығарылды.

2025 жылы «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы ресми түрде іске қосылды. Биыл облыста 3 халықаралық, 9 республикалық және 40-қа жуық облыстық деңгейдегі мәдени-көпшілік іс-шара өткізу жоспарлануда.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар