«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Тарихи жарақат алған» ұлт психологиясынан арылуымыз керек – Тоқаев

«Тарихи жарақат алған» ұлт психологиясынан арылуымыз керек – Тоқаев
Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен бесінші Ұлттық құрылтайда халықты өткен шақпен өмір сүрмеуге, керісінше әлем елдерімен бірге дамып, бірлесе үлкен мақсаттар қоюға шақырды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

«Бұрын да айтқам, қазір де атап өткім келеді: біз «тарихи жарақат алған» ұлт психологиясынан біржола арылуымыз керек. Басқа түскен қайғы-қасіреттің бәрін басқа халықтардан көру, ұлтымыздың маңдайына жазылған ащы тағдыр туралы бітпейтін пікірталастар жүргізу – кешегі күнмен өмір сүру деген сөз. Бүкіл әлем өзгеріп жатыр, бізге де өзгеретін уақыт келді. Біз -болашағы жарқын, жолы ашық жас мемлекетпіз, сондықтан уақыт көшінен қалмай, тек алға қарай жүруіміз керек», – деді Президент өз сөзінде. 

 

Айта кетейік, форумның алғашқы отырысы ұлт ұясы – Ұлытауда өтті. Екінші жиын түбі бір түркі жұртының қара шаңырағы – Түркістанда болды. Үшінші отырыс бірегей Атырау аймағында ұйымдастырылса, былтыр тарихы бай Көкшетау төрінде өтті. 

Ұқсас жаңалықтар