Соңғы жылдары елімізде денсаулық сақтау инфрақұрылымы жаңа деңгейге көтерілуде. Әсіресе ауылдық елді мекендердегі медициналық нысандардың жаңғыртылуы мен жаңа фельдшерлікакушерлік пункттердің ашылуы – үлкен әлеуметтік қолдау. Бұрын қалаға сабылып баратын ауыл тұрғындары енді өз ауылында сапалы медициналық көмек ала алады. Бұл – мемлекеттің әлеуметтік әділдік қағидатына негізделген нақты қадамы. Сонымен қатар өңірлік және республикалық клиникалардың материалдық-техникалық базасы жаңартылып, озық медициналық жабдықтар орнатылуда. Мұның бәрі дәрігерлердің жұмыс сапасын арттыруға, пациенттерге көрсетілетін қызметтің деңгейін көтеруге бағытталған.
Мемлекет басшысы қазіргі кезде талқыланып жатқан парламенттік реформаның түпкі мақсаты – жеке бір лауазымның салмағын арттыру емес, керісінше мемлекеттік басқару жүйесін заман талабына сай жетілдіру екенін айқын жеткізді. Бүгінгі таңда «Парламент төрағасы ең басты саяси тұлғаға айналады» деген сияқты әңгімелердің тарауы – реформалардың мәнін толық түсінбеуден немесе әдейі бұрмалаудан туындап отыр. Президенттің өзі атап өткендей, Қазақстан – президенттік басқару нысанын таңдаған мемлекет. Бұл ұстаным өзгермейді. Ал «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» қағидаты – билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға бағытталған өркениетті модель.
Парламенттің ықпалының артуы Президент институтын әлсірету деген сөз емес. Керісінше заң шығарушы органның рөлін күшейту – қабылданатын шешімдердің сапасын арттырып, Үкіметтің жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл – демократиялық дамудың қалыпты әрі қажетті үдерісі. Мемлекет басшысының «жеке бастың мүддесі үшін мемлекеттік жүйені өзгерту жауапсыздық әрі адамгершілікке жат әрекет» деген сөзі оның саяси ұстанымының қаншалықты берік екенін көрсетеді. Соңғы жылдары қабылданып жатқан реформалардың барлығы жалпыхалықтық референдум арқылы шешіліп келеді.
Бұл – биліктің ашықтығын, халық еркіне сүйенетінін дәлелдейтін маңызды фактор. Депутат ретінде мен Президент бастамаларының елдің ұзақ мерзімді дамуына, саяси тұрақтылық пен қоғамдық сенімді нығайтуға бағытталғанына толық сенім білдіремін. Алдағы реформалар да кең қоғамдық талқылаудан өтіп, халықтың мүддесін басты орынға қоятынына күмән жоқ. Бастысы, мемлекет үшін маңызды шешімдер жеке амбициямен емес, ұлттық мүдде тұрғысынан қабылданып келеді.
Марат ЖҰМАНҚҰЛОВ
облыстық көпсалалы ауруханасының бас дәрігері, қалалық мәслихаттың депутаты.
Ұқсас жаңалықтар
Жүректен шыққан жанашырлық
- 13 қаңтар, 2026
Мереке түні де науқастардың жанынан табылды
- 13 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




