«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Күн сайын көркейген Қаратау

Күн сайын көркейген Қаратау
Автор
Өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз алаңында өткен «Қаратау қаласының әлеуметтікэкономикалық дамуы және алдағы жоспарлар» атты брифингте Талас ауданы, Қаратау қаласының әкімі Дархан Баймбетов атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, баяндама жасады.

Спикердің айтуынша, қазыналы Қаратау қаласының негізі 1963 жылы қаланған. Қазіргі таңда аудан орталығы аталатын бұл шаһар – орта экономикалық әлеуеті бар қала. Халық саны 28309 адамды құраса, оның ішінде 16 мың 189 тұрғын экономикалық белсенділер санатына кіреді. Қаланың өндірісі де өркендеп келеді. Өнеркәсіп орындары санының артуы арқасында қазынаға түсетін салық түсімдері де ұлғаюда. Өткен жылдың қорытындысымен бюджет кірісі 246,168 миллион теңгені құрады. Ұзындығы 98,4 шақырым болатын 130 көшенің 106-сы асфальтталған. Бүгінде қала аумағында 9,8 шақырымды құрайтын 24 көше асфальттауды қажет етеді. Оның ішінде 19 көше қысқа болса, қалған 5 көше бұрылыстар.

Аталған 24 көшенің жолдарына орташа жөндеу жұмыстары 2027 жылға дейін 100 пайыз қамтылады деп күтілуде. Бұрынғы саяжай көшелерін қо спағанда, қаланың 102 көшесі, оның ішінде 71 көшеге электр бағаналары тартылып, шағын және көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары толық жарықтандырылған.

2025 жылы 14 көшеге түнгі көше жарықтары орнатылыпты. Қаланың табиғи газбен қамтылу деңгейі – 91,33 пайыз. Ауыз су жүйелерінің ұзындығы 128 шақырымды, кәріз жүйесі 72,5 шақырымды құрайды. Даму кешенді жоспары бойынша қала аумағындағы тазалықтарды жүйелендіру үшін кәріз тазарту ст анс асын орнату қажет. Қуаттылығы тәулігіне 5900 текше метрлік кәріз жүйелерін тазарту имаратын салу жұмыстары 2025-2027 жылдар аралығына жоспарланыпты. Қаратау қаласында 158 шағын және көпқабатты тұрғын үйлер бар. Қазіргі таңда көппәтерлі тұрғын үйлер қайта қалпына келтіріліп, пәтер кезегінде тұрған тұрғындарға берілуде. Тұрғын үй кезегіне 1 432 жуық азамат мұқтаж ретінде тіркелген.

Өткен жылдың қорытындысымен тұрғын үй қорынан 5 көпқабатты үй қайта жаңғыртудан өтіп, кезекте тұрған азаматтарға 372 пәтер берілген. Бұл шағын қала үшін аз көрсеткіш емес. Қазірдің өзінде қаладағы бос тұрған соңғы 3 көпқабатты тұрғын үйдің (Б. Момышұлы көшесіндегі №15, №17, 3-шағынауданындағы №64 үй) құрылыс жұмыстары аяқталыпты. Сәтін салса осы жылы 225 азамат баспаналы болмақ.

Қала тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуда және табысын арттыруда жасалған іс-шаралар бойынша Мансап орталығы арқылы 2025 жылға Талас ауданы бойынша 1700 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Өткен жылдың 11 айындағы қорытындысы бойынша 1724 адам жұмыспен қамтылған. Былтырғы жылы жоспарға сәйкес 79 адам өз кәсібін ашу мақсатында қайтарымсыз грант алыпты. Бүгінде қала аумағында 2 балалар жасөспірім спорт мектебі, бір «Талас» футбол клубы және бір ст адион орналасқан. 54 спорт нысаны сабақтан тыс және кешкі уақытта қала тұрғындарына қолжетімді. Қала тазалығына 4 арнайы техника, 60 ақылы қоғамдық жұмысшы жұмылдырылған.

Жыл басынан бастап, қала көлемінде 35 шақырымға жуық арықтар тазаланып, 160 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылды. «Жасыл белбеу» аумағына 10 мың қара т а л көшеті отырғызылыпты. Сондай-ақ қала ішіне 600 қарағаш көшет егілген. Батырлар аллеясына 73 дана ақ қайың, 146 дана туя ағашы қаланың басқа да жерлеріне сән беріп тұр. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Б.Момышұлы көшесінің бойында орналасқан «Тәуелсіздік» с аябағына 25 дана туя, 25 дана үйеңкі (клён) тал және 50 қайың ағашы отырғызылған. Жасыл желектерді күтіп ұстауға 5 жерден ұңғымаларды қазу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға беріліпті.

Дархан Тобашұлы брифинг соңында алдағы жылдардағы жоспарларымен бөлісіп, қала аумағында кәсіпкерлік пен туризм саласын дамыту мәселесін қолға алатынына тоқталды. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

 

Есет ДОСАЛЫ

Ұқсас жаңалықтар