Жамбыл облысында соңғы аптада қызылшамен сырқаттану деңгейі 1,4 есеге азайды
- author «Ақ жол»
- Бүгін, 15:33
- 64

Осыған байланысты облыс тұрғындары арасында қызылшаның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында төмендегі іс-шаралар жүргізілді:
– 2025 жылдың желтоқсанынан бастап 9-10 айлық сәбилерді иммундау енгізілді;
– 18 жасқа дейінгі балаларды қайта иммундау жүргізілуде;
– мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерде балаларға екпе егу үшін көшпелі бригадалар ұйымдастырылды;
– бұрын екпеден бас тартқан 1000-нан астам бала вакцинамен қамтылды;
– 2025 жылдың соңына қарай бір жасқа дейінгі балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы егумен қамту 98,6 пайызға, ал 6 жастағы балаларды – 98,7 пайызға дейін жетті;
– мектепке дейінгі балалар ұйымдарына барудан 143 вакцинацияланбаған бала шеттетілді;
– індет ошақтарында 655-тен астам байланыста болғандар анықталды, олардың барлығы күнделікті медициналық бақылауға алынды;
– облыстық бюджеттен вакцинаның 20 мың дозасын қосымша сатып алуға қаражат бөлінді.
Осылайша, 2025 жылғы желтоқсан – 2026 жылғы қаңтар айлары аралығында барлығы 16 мыңнан астам бала қызылшаға қарсы вакцинамен қамтылды.
Қабылданған шаралардың арқасында соңғы аптада қызылшамен сырқаттанушылықтың 1,4 есеге төмендеу үрдісі байқалды.
Еске сала кетейік, қызылша – аса жұқпалы ауру. Ол адамнан адамға ауа тамшылары арқылы беріледі. Жұқтыру тіпті қысқа уақыттық байланыс кезінде де болуы мүмкін. Егер бұрын қызылшамен ауырмаған немесе оған қарсы егілмеген адам науқаспен байланысқа түссе, жұқтыру ықтималдығы 100 пайызды құрайды.
Қызылша қауіпті асқынуларымен (пневмония, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы) ерекшеленеді. Бұл асқынулар кейіннен есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, ақыл-ой дамуының кешеуілдеуіне, психикалық бұзылыстарға, сондай-ақ көру қабілетінің нашарлауына алып келуі мүмкін.
Сонымен қатар ең қауіпті асқыну – қызылша паненцефалиті. Бұл баяу дамып, ақыр соңында өлімге әкелуі мүмкін.
Қызылшадан қорғанудың жалғыз тиімді жолы – вакцинация.
Ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесіне сәйкес жоспарлы тәртіппен вакцинация 1 жаста және 6 жаста жүргізіледі.
Тиімді әрі нақты емдеу әдісінің жоқтығын және қауіпті асқынулардың болуын ескере отырып, барлық ата-аналарға қызылша мен басқа да вакцина арқылы алдын алуға болатын жұқпалы ауруларға қарсы екпе алу ұсынылады.
Вакцинация балаларыңызды асқынулардан және өлім-жітім қаупінен қорғайды.
Ұқсас жаңалықтар
Мереке түні де науқастардың жанынан табылды
- 13 қаңтар, 2026
Жұмыссыз немесе тұрақты жұмысы жоқ азаматтар да қамтылады
- 13 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




