Осы уақытқа дейін бармаған жеріміз, қақпаған есігіміз қалмады. Тіпті, бұл мәселемен барлық мемлекеттік мекемелер мен құзырлы орын қызметкерлері де айналысқан болатын. Шындығын айтқанда, 25 жылдан бері шешілмей келе жатқан мәселенің түбі құрдымға кетіп, үмітіміз де үзіле бастаған еді.
Алайда осы мәселені көтеріп облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің алдына бардық. Біз өз тарапымыздан өзімізге тиесілі өтемақыны ғана алып қоймай, қосымша демеушілік қолдау таптық. Әлеуметтік мәселелеріміз толықтай шешілді. Үміт ақталды. Әділдіктің бар екеніне көзіміз жетті.
Ербол Шырақпайұлының қолдауымен осы іске бел шеше кірісіп, қолдау көрсеткен, кеңес беріп мәселені ұзақ зерттеп, зерделеген облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровке, облыстық Еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Жарылқасын Айтақовқа, орынбасары Н. Сейдалиевке алғысымызды білдіреміз. Шындығында, бұл азаматтар біздің сөзімізге уақытында назар аудармағанда мәселеміз әлі қанша жылға жалғасар еді. Сондықтан аты аталған азаматтардың барлығына алғыс айтамыз.
«Қаратау» ААҚ байырғы жұмысшыларының атынан Бауыржан ТАЗАБЕКОВ.
Ұқсас жаңалықтар
Кез келген жағдайға дайын болу қажет
- 2 сәуір, 2026
Жұмыс орны көп пе, әлде жұмыссыз жүргендер көп пе?
- 2 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




