Мыңқазан – мен үшін ең ыстық, ең қымбат мекен.Табиғаты тыныш,тіршілігі берекелі бұл ауыл адамға ерекше бір жылулық сыйлайды. Таңғы таза ауа, кең дала, еңбекке жақын ауыл өмірі – бәрі де жанды сергітеді. Мұнда адамдар қарапайым, әрі жүректері кең. Ауыл тұрғындарының бірлігі мен татулығы – үлкен құндылық.
Белгілі халық ақыны Кенен Әзірбаев та Жамбыл өңірінің табиғаты мен адамдарының дархан мінезін өлеңдерінде жиі суреттеген. Бұл өлкенің адамдары сөзге тоқтайтын, еңбекке төзімді, рухы мықты болып келеді.
Осындай ортада өскен әрбір жас өмірдің маңызын тереңірек түсінеді. Ауылдан білімді, елге қызмет етіп жүрген көптеген азаматтар түлеп ұшты. Қайда жүрсем де, Мыңқазан ауылы менің рухани тірегім болып қала береді. Туған жерге деген сүйіспеншілік – елге қызмет етудің бастауы. Сондықтан осындай қасиетті мекенде дүниеге келгенімді өзім үшін үлкен бақ деп білемін.
Аяна ҚАЗИХАН, №116 жалпы орта білім беру мектебінің 11А-сынып оқушысы.
Астана қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Кез келген жағдайға дайын болу қажет
- 2 сәуір, 2026
Жұмыс орны көп пе, әлде жұмыссыз жүргендер көп пе?
- 2 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




