Жұмыссыз немесе тұрақты жұмысы жоқ азаматтар да қамтылады
- author «Ақ жол»
- 13 қаңтар, 2026
- 84
Бұрын жүйе негізінен жұмыс істейтін азаматтар мен белгілі әлеуметтік жеңілдігі бар топтарға бағытталып, жұмыс істемейтін немесе тұрақты жұмысы жоқ азаматтар МӘМС жүйесіне кірмей, жоспарлы медициналық қызметті тегін алуда біршама кедергілерге кезіккенін жоққа шығара алмаймыз. Ал енді, жаңадан енгізілген өзгерістер бойынша, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жұмыссыз және тұрақты табысы жоқ азаматтар автоматты түрде МӘМС жүйесімен қамтылатын болды. Ол үшін жергілікті атқарушы органдар, яғни әкімдіктер МӘМС жарналарын жұмыссыздар мен әлеуметтік осал топтар атынан төлейді.
Бұл жерде дағдарыстық (D) және төтенше (E) санатты әл-ауқаттағы азаматтар да арнайы қамтылады. Сондай-ақ «Жұмыссыз» мәртебесін ресми тіркеген азаматтар үшін де жоспарлы медициналық қызметтер тегін түрде қолжетімді болады. Азаматтар «Сақтандырылған» немесе «Сақтандырылмаған» мәртебесін бірнеше жолдармен тексере алады.
Мысалы, SaqtandyryBot Telegram-боты арқылы, Damumed немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшаларында, кейбір банктердің мобильді қосымшаларында, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтында өздерінің жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) арқылы анықтай алады. Қорыта айтсақ, биылдан бастап МӘМС жүйесі осал топтағы халық санатына, соның ішінде жұмыссыз азаматтарға да кеңінен қолжетімді болмақ.
Аймақ әкімдіктері жақын уақытта осы өзгерістерді іске асырады және азаматтар өз мәртебесін емхана қызметкерлерінің көмегі арқылы немесе жоғарыда көрсетілген электронды сервистерден тексере алады.
Жеңіс ТОЙШИБЕКОВА
Тараз қалалық №2 емхананың бас дәрігері
Ұқсас жаңалықтар
Мереке түні де науқастардың жанынан табылды
- 13 қаңтар, 2026
ЖИ дәрігердің сенімді көмекшісіне айналды
- 13 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




