Алдымен Ақкөл ауылындағы жаңадан ашылған дәрігерлік амбулатория бөлімшесінің жұмысымен танысты. Өткен жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген бұл нысанда бүгінде 2 дәрігер мен 7 орта буын медицина қызметкері ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсетуде. Жаңа мекеме ауыл халқының өмір сапасын арттыруға айтарлықтай серпін беретіні сөзсіз. Медициналық қызмет сапасын арттыруда заманауи технологияларды тиімді пайдалану басты назарда болуы қажет. Сонымен қатар «Talas Investment Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2-кезеңі бойынша салынып жатқан зауыттың құрылысымен танысты.
Аталған өндіріс орны іске қосылған жағдайда кәсіпорын қуаттылығы жылына 30 мың тонна натрий цианидін өндіруге жететін болады. Бұл – өңір экономикасы үшін үлкен мүмкіндік. Қазіргі таңда зауыт жылына 15 мың тонна өнім өндіруде. Сондай-ақ депутаттар аудан орталығы Қаратау қаласында «Игілік» көпсалалы кәсіпорнының орталық қазандығы мен жаңадан іске қосылып жатқан мазут шаруашылығы ғимаратын көрді. Бүгінде бұл қазандық 156 көппәтерлі тұрғын үй мен 222 мекемені жылумен қамтамасыз етіп отыр. Қыстың қақаған суығында жылу тоқтаусыз берілуі үшін қосымша мазут қоры мен резервтік жүйе аса маңызды. Сондықтан бұл жұмыстар дер кезінде қолға алынғаны көрініп тұр.
Бұдан соң, аудандық көпбейінді орталық аурухананың қайта жаңғыртылып жатқан ғимаратының жұмысымен танысты. 50 жылдан аса уақыт бұрын салынған бұл мекеменің бірқатар бөлігі бүгінде тозығы жеткен. Осы мәселені партияның Сайлауалды бағдарламасына енгізіп, қайта жаңғырту жұмыстарын бастауды қолға алған болатын депутаттар. Қазіргі таңда әкімшілік корпусы мен бір корпусының жөндеу жұмыстары 90 пайызға орындалған. Келесі кезең – негізгі ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу. Сонымен қатар депутаттар ауданға сапар барысында партия аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың мәселелерін тыңдады.
Қабылдауда тұрғындар ауылды көгілдір отынмен қамтамасыз ету, тұрақты жұмысқа орналасу, медицина мамандарының жалақысын көтеру сынды мәселелерді көтерді. Ол бойынша заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жауапты мамандармен шешу жолдарын қарастырды. Ауылдарды газдандыру, тұрақты жұмысқа орналасу, медицина саласындағы жалақыны көтеру сынды мәселелер де көтерілді.
Әр мәселе бойынша заң шеңберінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, шешу жолдары ұсынылды. Талас ауданына жасаған жұмыс сапары аясында депутаттар Майтөбе ауылындағы төтенше жағдайлар бөлімінің өрт сөндіру бекетінің жұмысымен танысты. Бұл – тек өрт сөндірумен шектелмейтін, көпфункциялы құрылым. Бекет қызметкерлері тілсіз жаумен күресіп қана қоймай, түрлі құтқару операцияларына да атсалысады. Әсіресе қыс мезгілінде бұл бөлімшеге артылар жүк ауыр. Себебі Тараз-Қаратау-Жаңатас бағытындағы облыстық маңыздағы жолдың Берікқара ауылдық округі аумағында қарлы боран мен бұрқасын жиілеп, жол қозғалысы жиі шектеледі.
Осындай жағдайда жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, дер кезінде көмек көрсету – осы бекет мамандарының басты міндеті. Сол себепті материалдық-техникалық жабдықталу, қажетті техникалармен қамтамасыз ету, қызметкерлердің кәсіби дайындығы басты назарда болуға тиіс.
Ерман ӘБДИЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




