Жаңа автобустардың 9-ы №31 маршрут бойынша қатынайды. Маршрут Ақбұлым алқабынан басталып, Кірпіш зауыты, Жауғаш батыр, Балуан Шолақ, Абай, Байзақ батыр, Комратов, Қонаев, Сейфуллин, ӘлФараби, Төле би, Махамбет батыр көшелері арқылы өтіп, Ниетқалиев көшесінде аяқталып, Минералды тыңайтқыштар зауытына дейін жалғасады. Маршруттың жалпы ұзындығы – 23,5 шақырым. Қозғалыс аралығы 13 минутты құрайды. Қызмет көрсету 2026 жылғы 12 қаңтардан басталды. Қалған 1 автобус резервте сақталады.
Айта кетейік, Ақбұлым алқабы Байзақ және Жамбыл аудандарынан Тараз қаласына қосылған елді мекен болғандықтан, оны қоғамдық көлікпен қамту мәселесі өзекті болып отыр. Қазіргі таңда Тараз қаласында 9 компания 50 маршрут бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруда. Соңғы 4 жылда қала автобус паркі 388 жаңа қоғамдық көлікпен толықты.
Aq jol-Aqparat
Ұқсас жаңалықтар
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




