Келелі кездесуде облыстық филиалдың 2006 жылдан бастап аймақтың кадрлық саясатын білікті мамандармен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отырғанын атап өткен облыс әкімдігі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев филиал жұмысына тоқт алып өтті. Аппарат басшысының сөзінше, өткен жылы облысымыздан аталған академияны 61 түлек тәмамдаса, бүгінгі таңда олардың 30-ы өңірде мемлекеттік қызметте табысты еңбек етуде.
– Қазіргі уақытта 12 түлек басшылық лауазымдарды иеленіп, мемлекеттік басқару жүйесінде шешім қабылдау деңгейінде қызмет атқаруда. Бұл көрсеткіш академияда алынған білім мен тәжірибенің жоғары практикалық маңызға ие екенін көрсетеді. Сонымен бірге, өңірлік түлектердің шамамен 20 пайызы министрліктерде, басқа да орталық атқарушы органдарда, жеке секторда әртүрлі жауапты лауазымдарда кәсіби қызметтерін жалғастыруда. Түлектердің үздіксіз кәсіби дамуына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде, – деді өз сөзінде Лесбек Ілебаев.
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы аймақтың мемлекеттік қызмет жүйесі үшін жоғары білікті кадрларды даярлауда маңызды рөл атқарып отырғандығын атап өткен Лесбек Құралбайұлы академия түлектері өңірдің әлеуметтікэкономикалық дамуына, басқару сапасын арттыруға және мемлекеттік аппараттың тиімділігін нығайтуға елеулі үлес қосып келе жатқандығын тілге тиек етіп өтті. Сондайақ Академия ректоры Азамат Жолманов соңғы жылдары мемлекет тарапынан аталған бағытта қолдаудың арта түскенін, мемлекеттік қызмет саласында заңнамалық процестердің оңтайлы жүзеге асуы нәтижесінде жастарға мол мүмкіндіктердің қалыптасқанын жеткізді.
– Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Академия Ұлттық Жоғары Мемлекеттік басқару мектебі ретінде алғаш рет өз есігін ашқан кезде, оның мақсаты – мемлекеттік қызметтің тиімді, ашық және әділ басқаруға қабілетті мамандарды даярлау болды. Қазіргі таңда Академия түлектері мемлекеттік қызметтің барлық салаларында маңызды орындарды иеленіп, еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Өз кезегінде, 2023 жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі т арапынан мемлекеттік қызметшілерді оқыту саласын жетілдіру мақсатында заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді. Жоғары үлгерім көрсеткен Академия түлектері үшін мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі жеңілдетілді. Түлектеріміз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық сияқты асыл қасиеттерді бойларына сіңіріп, болашаққа бағытт а лған мемлекеттік басқару жүйесінің бәсекеге қабілетті адами капиталына айналуы қажет. Академия осы мақсатта білім беру бағдарламаларын үнемі жетілдіріп отырады. Мүдделі тараптар, білім алушылар және сарапшылармен дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, бағдарламалардың сапасы мен өзектілігіне ерекше көңіл бөледі, – деді Азамат Сағатұлы.
Жиын барысында жас мемлекеттік қызметшілер академия ректорымен еркін форматт а сұхбат құрып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Кезде су соңында академияның өз түлектерін ұдайы қолдауға дайын екендігін жеткізген Азамат Жолманов жастарға қызметте табысты болуына тілек білдірді.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Бізнақты нәтижеге жұмыс істейміз
- 6 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




