Тұтынушылардың құқығын бұзған суару суын жеткізушілерге 17,8 млн теңге айыппұл салынды
- author «Ақ жол»
- Бүгін, 08:45
- 41
Атап айтқанда, бекітілген тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны орындамау, сондай-ақ бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есептерді ұсынбау фактілері анықталды. Нәтижесінде 21 табиғи монополия субъектісіне жалпы сомасы 17,8 млн теңге айыппұл салынды.
Қазіргі таңда осы соманың 14,8 млн теңгесі өндіріп алынды. Қалған айыппұлдар бойынша материалдар мәжбүрлеп өндіріп алу үшін сот орындаушыларына жолданды.
Сонымен қатар 11 субъектіге қатысты тарифтік сметалардың орындалуы жөніндегі есептерді және заңнама талаптарына сәйкес тарифтерді бекітуге өтінімдерді ұсынуға міндеттеу туралы 12 талап-арыз берілді. Оның ішінде 6 іс бойынша сот министрліктің пайдасына шешім шығарды, қалған 6 талап-арыз қаралып жатыр.
«Министрлік табиғи монополия субъектілерінің барлық нормативтік талапты орындауын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады. Бұл саладағы заңнаманың негізгі мақсаты мен қағидаты – тұтынушылар мен табиғи монополия субъектілерінің мүдделерін қорғау және олардың арасындағы тепе-теңдікті сақтау», – деді Су ресурстары және ирригация министрлігі Тарифтік саясатты реттеу департаментінің директоры Дархан Қаинбердиев.
Ұқсас жаңалықтар
Жұмыстар жоспарлы түрде жүреді
- 12 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




