«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Президент тапсырмасы қалай орындалып жатыр?

Президент тапсырмасы қалай орындалып жатыр?
Автор
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайдаланылмай жатқан және заңсыз алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару жөніндегі тапсырмасы Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр? Жалпы алғанда жерді ұтымды пайдалану, сондайақ, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарын қайта айналымға тарту мақсатында оларды мемлекеттік меншікке қайтару бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Қанатбек Серікбаевтің айтуына қарағанда, 2025 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі біздің өңірге 90 мың гектар жерді қайтаруды белгілепті. Осыған орай жылдың басында аудандар бойынша қайтарылуға жататын жерлердің жылдық және айлық жоспары облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабекпен бекітілген.

Өткен жылдың желтоқсан айындағы мәлімет бойынша көлемі 89,6 мың гектар жер қайтарылып, жылдық жоспар 99,5 пайызға орындалып отыр. Оның ішінде 74,5 мың гектар жайылым, 13,2 мың гектар егістік, 1,9 мың гектар басқа да жерлер және 425 жер учаскесі.

– Жалпы облыс бойынша жоспарды жыл соңына дейін артығымен орындайтын боламыз. Яғни, 94 мың гектар жер қайтарылады. Жоспарды Мойынқұм (20,5 мың гектар, 157,8 пайыз), Жамбыл (4,3 мың гектар, 108,9 пайыз), Байзақ (7,5 мың гектар, 188,7 пайыз), Жуалы (5,0 мың гектар, 100 пайыз), Сарысу (15,1 мың гектар, 116,5 пайыз), Қордай (10,9 мың гектар, 99,2 пайыз), Шу (12,8 мың гектар, 98,9 пайыз), Меркі (7,2 мың гектар, 103,3 пайыз) аудандары орындады, ал Талас (5,9 мың гектар, 74,8 пайыз), Т.Рысқұлов (10 гектар, 0,08 пайыз) аудандары жоспарды орындай алмау қауіпі бар, – деген болатын облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Қанатбек Серікбаев өткен жылдың соңында «Жер аманаты» комиссиясы отырысында.

Сонымен қатар департамент 2024 жылы берілген нұсқама талаптарын орындамаған тұлғалардан көлемі 11,6 мың гектар жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы сот органдарына талап арыз беріпті. Осының нәтижесінде көлемі 9,3 мың гектар жер учаскесі бойынша мәжбүрлеп алып қою туралы сот шешімі қабылданды және 2,3 мың гектар сотта қаралуда.

Өткен жылдың басында облыс әкімінің орынбасары Ә. Тамабекпен арнайы жол картасы бекітілген. Жол картасы бойынша аудандармен ұсынылған ақпараттарға сәйкес департаментпен облыс бойынша жалпы көлемі 163,8 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінде тексеру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде көлемі 149,2 мың гектар (егістік алқап – 2,3 мың гектар, жайылымдық алқап – 146,9 мың гектар) 223 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін пайдаланбай отырған тұлғаларға әкімшілік шаралар қолданылып, нұсқамалар беріліпті. Сонымен қатар салық мөлшерін 20 есеге ұлғайту үшін берілген нұсқамалар Кірістер департаментіне жолданды және нұсқама берілген жерлерге құқық ауыртпалығы қойылды.

Қазіргі кезде 78,3 мың гектар, оның ішінде 8,9 мың гектар егістік алқап, 69,4 мың гектар жайылымдық алқап және 302 жер учаскесінде (егістік алқап – 176 учаске, жайылым – 126 учаске) жерлерде тексеру жұмыстары ұйымдастырылып жүргізілуде.

Мемлекет меншігіне қайтарылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді елді мекендерге қосу және айналымға енгізу мәселелері туралы облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы Данияр Өтеповтің де айтары бар. Басқарма басшысының айтуына қарағанда, облыс бойынша 2022-2025 жылдар аралығында пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы алаңы 591,2 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Оның ішінде жайылымы – 499,9 мың гектар, егістігі – 37,0 мың гектар, бөгде жерлер – 4,4 мың гектар. – 2022-2023 жылдары көрсеткіш 400 мың гектар, қайтқаны 403,8 мың гектар, 2024 жылы көрсеткіш 80 мың гектарды, қайтқаны 102,5 мың гектар, 2025 жылы көрсеткіш 90 мың гектар қойылды, бүгінгі күнге 84,9 мың гектар қайтарылды, – дейді бұл жөнінде облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы Данияр Өтепов.

– Талас ауданынан 3141,1 гектар, Мойынқұм ауданынан 1500 гектар, Меркі ауданынан 1535 гектар жерлердің қайтару туралы қаулысы әзірленуде. Жалпы жоспар 91,1 мың гектармен артығымен орындалады. Қайтарылған жайылымдарды бірінші кезекте, ауылдағы елді мекендердің ортақ пайдаланудағы жайылымдарды кеңейту мақсатында бос жатқан 403,5 мың гектар жер қоғамдық жайылым үшін қосылуға таңдалған. Оның ішінде 173,8 мың гектарына мәслихат шешімімен бекітілді, қалған 229,7 мың гектарына жерге орналастыру жобалары жасалуда. Ауыл шаруашылық айналымына 2022- 2025 жылдар аралығында 158,3 мың гектар жерлер конкурс арқылы қайта айналымға енгізілді. Оның ішінде егістік – 21,5 мың гектар, жайылым – 128,4 мың гектар, шабындық – 8,2 мың гектар, бөгде жер – 0,1 мың гектар. Облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы Данияр Өтепов қалған 29,1 мың гектар және қосымша 104,5 мың гектар болатын барлығы 133,6 мың гектар босалқы жер қорынан қайта айналымға енгізу бойынша 2026 жылдың маусым айына дейін қайта айналымға енгізу жоспары бекітілгенін айтады.

 

Оралхан ДӘУІТ

Ұқсас жаңалықтар