Осы орайда, облысымызға іссапармен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Аmanat партиясы фракциясының мүшелері Мұқаш Ескендіров, Гүлдара Нұрымова және Әбутәліп Мүтәлі Тараз қаласындағы М. Мәметова атындағы №27 орта мектеп жанынан салынып жатқан 600 орындық жаңа оқу корпусының құрылыс жұмыстарымен танысты. Аталған білім ошағы алғаш рет 1951 жылы салынған. Кейін 1963 және 1970 жылдары екі қосымша корпус пайдалануға берілген.
Содан бері мектепке ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілмеген екен. Жыл сайынғы жасалатын ағымдағы жөндеу жұмыстары ескі ғимараттың тозуын тоқтата алмады. Бүгінде Аmanat партиясының Сайлауалды бағдарламасы аясында басталған жаңа оқу корпусының құрылысы бұл мәселені шешуге бағытталған маңызды қадам болмақ. Мердігер компания – «Таразқұрылысдизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен 3 миллиард 500 миллион қаражат бөлінген.
– Қазіргі таңда құрылыс алаңында 70-тен астам жұмысшы мен 8 техника жұмылдырылған. Нысанда шатыр жабу, ішкі әрлеу және сыртқы абаттандыру жұмыстары қатар жүргізілуде. Бүгінде мектепте 465 оқушы білім алуда. Құрылыс жұмыстарына байланысты олар уақытша В.Чкалов және №18 орта мектептердің базасында оқып жатыр. Біз құрылыс жұмысын 2026 жылдың қарашасында аяқтауымыз қажет. Дегенмен, 1 – қыркүйек білім күні қарсаңында жаңа мектепті пайдалануға берсек деп отырмыз. Оған барлық мүмкіндіктер бар. Қажет болса жұмысшыларды көбейтіп, тіпті уақытпен санаспай жұмыс істеуге дайынбыз, – дейді аталған мердігер компанияның бас директоры Ғазиз Бекбердиев.
Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіровтің айтуынша, ескі мектептің жанынан жаңа ғимарат салу – бұл тек жөндеу жұмысы емес, болашаққа салынған инвестиция. Сондықтан да, Аmanat партиясы білім беру саласын дамытуға айрықша мән береді.
– Өскелең ұрпақтың сапалы білім алуы – бүгінгі күннің басты талабы. Бұл ретте балалардың заманауи мектепте оқуына жағдай жасау аса маңызды. Мәселен, бүгін біз келіп отырған білім нысанның салынғанына 55 жылдан астам уақыт өткен. Осы уақыт аралығында білім ошағы ғимараттарының тозығы жетті. Еліміздің болашағы білімді ұрпақпен байланысты болғандықтан, оқушылар ескі ғимаратта білім алмауы тиіс. Сондықтан да мердігер ұйым құрылысты сапалы әрі уақытында аяқтауы қажет. Қай заманда да мектеп салу – сауапты іс, – деді Мәжіліс депутаты.
Ал Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымованың айтуынша, Жамбыл облысында Аmanat партиясының сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру әрдайым депутаттардың жіті бақылауында. Сондықтан да мердігер ұйымға қойылатын басты талап – құрылыстың сапалы әрі уақытылы орындалуы. Өйткені бұл тек бір нысанның құрылысы емес, бұл – халық сенімі мен партияның жауапкершілігі. – Баршаға мәлім, Аmanat – сөзден іске көшкен партия. Егер партия уәде берсе, оны міндетті түрде орындайды. Біз нақты нәтижеге жұмыс істейміз. Міне, соның жарқын көрінісі – осындай ірі құрылыс нысандары. Мұнда жұмыс сапалы және кесте бойынша келе жатыр. Әрине, құрылысты бастау бір бөлек, оны сапалы әрі уақытында аяқтау – басқа міндет, – деді депутат Гүлдара Алданышқызы.
Іссапар барысында Мәжіліс депутаты Әбутәліп Мүтәлі құрылыс сапасымен қатар, мектептің заманауи талаптарға сай жабдықталуына да ерекше көңіл бөлді.
– Ғимаратты заманауи оқу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етуге де баса мән берілуі керек. Соңғы үлгідегі техникалық құралдар арқылы білім беру – бүгінгі заманның талабы. Сондықтан заман ағымынан қалмауға тиіспіз. Өйткені бүгінгі оқушы – ертеңгі ел тізгінін ұстар азамат. Біз бүгіннен бастап олардың қалыптасуына осындай заманауи білім ордалары арқылы жағдай жасауымыз қажет, – деді Әбутәліп Мүтәлі.
Жалпы, облысымызда Аmanat партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында 2025 жылы 960 орындық 5 мектептің құрылысы аяқталып, 27 білім беру нысанында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал биыл тағы 24 мектептің құрылысы аяқталып, 27 білім нысанында жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Халық қалаулылары алдағы күндерде облысымыздың бірнеше аудандарын аралап халықпен жүздесіп, мәселелерге назар аударатын болады.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасын қызметінен босатты
- 30 желтоқсан, 2025
Сайлау жай ғана дауыс беру емес
- 30 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




