Жамбыл облысында жазасын өтеуші азаматтарға мерекелік іс-шара ұйымдастырылды
- author «Ақ жол»
- 31 желтоқсан, 2025
- 984
Мекеме әкімшілігінің қолдауымен өткен шара барысында арнайы контингент өкілдері концерттік бағдарлама аясында өз өнерлерін ортаға салды. Бұл күні сотты болған азаматтар жаңа жылдық қойылым қойып, бір-бірін мерекемен құттықтады. Өз кезегінде аталған шара оларға көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады.
– Сотты болған азаматтардың мәдени және спорттық шараларға белсене қатысуы – ҚАЖ қызметіндегі профилактикалық әрі тәрбие жұмысының маңызды құрамдас бөлігі саналады. Мереке қарсаңында мұндай шаралардың ұйымдастырылуы – жазасын өтеушілердің бойындағы әлеуметтік құндылықтарды нығайтуға сондай-ақ қоғамда қылмыстық-атқару жүйесінің оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді, – делінген ақпаратта.

Өз кезегінде жазасын өтеуші азаматтар жаңа жыл қарсаңында көрсетілген дәл мұндай қолдау болашаққа деген сенімді арттыратынын айтып, өңірлік департамент басшылығына алғыстарын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
Мұғалімдердің білімін сараптайтын тестілеу тоқтатылды
- 9 сәуір, 2026
Тарихи орындарды аралады
- 9 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




