Айта кетуге тиіс нәрсе Бақытжанның есімі облыс жұртшылығына бұрыннан таныс. Мұның алдында да бірқатар кітап жазғанын білеміз. Ол еңбектерде көркемдікке мән беріп, анасы жайлы толғана сыр шертсе, бұл кітапта әдістемелік жағына басымдық берген секілді. Бақытжан Мақашев – кәсіби журналист. Алайда еңбек өтілінің көп жылдарын білім саласына, анығырақ айтқанда мектеп жұмысына арнап, бірнеше жыл мектеп директоры болды.
Қазіргі таңда М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің журналистика және филология кафедрасында аға оқытушы. Жүріп өткен өмір еңбек жолы да кітаптың мазмұнды шығуына ықпал еткені байқалады. Аталмыш кітапқа «AULIEATA-MEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Данияр Асқарұлы, Тараз қалалық «Jambyl-Taraz» газетінің бас редакторы Саятхан Сатылғанов және аталған университеттің журналистика және филология кафердрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Темірбай Мұқашев пікір білдірген.
Оқу құралында автор журналистикадағы шығармашылық қызметтің теориялық және практикалық қырларын қарастырған. Журналистикадағы шығармашылықтың негізгі принциптері мен әдістері талданып, одан бөлек инновациялық тың тәсілдер ұсынылған. Автор журналистиканың бірнеше бағыттарында қамтып өткен. Атап айтқанда, объективтілік және шынайылық, жеделдік және қолжетімділік, әлеуметтік жауапкершілік, көпқырлылық және жан-жақтылық бағыттарын барынша ашып көрсетуге талпынған.
Журналистиканың қоғамдағы маңызы, журналистиканың қазіргі заманғы дамуы, қазіргі медианың шығармашылық тәсілдері мен жаңашылдықтары туралы да көптеген терең ізденіске барған. Туынды аталған университеттің журналистика және филология кафердрасының студенттері үшін аса құнды оқу құралына айналатынына сенеміз.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
4 қаламгер Президенттің арнаулы әдеби сыйлығына ие болды
- 24 желтоқсан, 2025
Меркілік ақындардың жинағы шықты
- 23 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




