«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

2026 жылдың жарқын күндері

2026 жылдың жарқын күндері
Автор
2026 жылдың жарқын күндері

1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 35 жыл (16.12.1991ж.).

2. Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламентінің құрылғанына – 30 жыл (1996 ж.).

3. Алматы қаласындағы «Тәуелсіздік» монументінің ашылғанына – 30 жыл (16.12.1996 ж.).

4.Қазақ халқына ұлы нәубет әкелген Ашаршылыққа – 105 жыл (1921 жылы басталған).

5. Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірлескен Экологиялық саммит өтеді (сәуір айы).

6. Ұлы Отан соғысының басталғанына – 85 жыл (22.06.1941 жыл).

7. Желтоқсан оқиғасына – 40 жыл (16-17 желтоқсан 1986 жыл).

8. Чернобыль атом электр стансасындағы апатқа – 40 жыл (26 сәуір 1986 жыл).

9. Семей полигонының жабылғанына – 35 жыл. Сынақ полигонын жабу туралы Жарлыққа 29 тамыз 1991 жылы қол қойылды.

10. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына – 35 жыл (1991 ж.).

11. Әз-Наурыз мерекесінің елімізде қайта жаңғырып, тойлана бастағанына 35 жыл толады (1991 жыл).

12. Қазақстанның Халық қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың бейбіт күндегі ерлігіне 15 жыл және туғанына – 55 жыл (3.04.1971- 12.11.2011 ж).

13. Әлемде алып держава атанған КСРО мемлекетінің ресми тарқағанына – 35 жыл (25 желтоқсан 1991 жыл).

14. Шу ауданының құрылғанына – 95 жыл (1931 ж.).

15. Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің ашылғанына – 95 жыл (1931 ж.).

16. Жамбыл аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінің шыға бастағанына – 60 жыл толады (01.07.1966 ж.).

17. «Жамбыл-Тараз» газетіне – 30 жыл (16.02.1996 ж.).

18. Жамбыл медициналық колледжінің ашылғанына – 90 жыл (12.02.1936 ж.).

19.Тараздағы «Золотой караван» туристік компаниясының құрылғанына – 20 жыл (2006 жыл).

20. Ересектер арасында бокстан Азия чемпионаты өтеді.

21. Нобель сыйлығының алғаш рет тапсырылғанына – 125 жыл (10.12.1901 жыл).

22. «МузАрт» тобының құрылғанына – 25 жыл (2001 жылдың сәуір айында Алматы қаласында құрылған).

23. Кеңес Одағының Батыры, тұңғыш ұшқыш-космонавт, майор Юрий Гагариннің космосқа ұшқанына – 65 жыл (12.04.1961 ж.).

24. Қазақ Ордасындағы ең ұлы хандарының бірі, ұлтымыздың даңқты перзенті Абылай ханның туғанына – 315 жыл (1711-1781ж.).

25. Атақты күйші, композитор, Жетісу күй мектебінің негізін салушылардың бірі Байсерке Құлышұлының туғанына – 185 жыл (1841-1906 ж.) Жамбыл облысы Қордай өңірінде туған.

26. Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың дүниеге келгеніне – 180 жыл (28.02.1846-22.06.1945 ж.).

27. Ұлттық театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, өнер саңлағы, Социалистік Еңбек Ері, үш мәрте Ленин орденінің кавалері, Халық әртісі Серке Қожамқұловтың туғанына – 130 жыл (05.05.1896-31.12.1979 ж.).

28. Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, «малшылардың маршалы» атанған шопан ата Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына – 130 жыл (29.03.1896-01.09.1986 ж.ж.).

29. Ұлы Отан соғысының қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, атақты снайпер Ыбырайым Сүлейменовтың туғанына – 115 жыл (1911-15.10.1943 ж.ж);

30. Әйгілі 28 панфиловшылар дивизиясының 1075 атқыштар полкінің саяси жетекшісі, Кеңес Одағының Батыры, «Шегінерге жер жоқ, артымызда Москва!» деген ұранды сөздің иесі Василий Клочковтың туғанына – 115 жыл (08.03.1911-16.11.1941 ж.ж.).

31. Қазақтың біртуар дауылпаз ақыны, Ұлы Отан соғысына қатысушы Қасым Аманжоловтың туғанына – 115 жыл (10.10.1911-18.01.1955 ж.ж). 1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы «Өмір сыры» деген атпен жарық көрген.

32. Атақты театр және кино актері, опера әншісі, Қазақстанның Халық әртісі Қаукен (шын аты Әбдірахым) Кенжетаевтың туғанына – 110 жыл (26.04.1916-15.03.2008 ж.).

33. Қазақ жастары арасының шыққан тұңғыш КСРО спорт шебері және ұлттық бокстың атасы атанған Шоқыр (Шохр) Бөлтекұлының туғанына – 110 жыл (29.10.1916- 06.04.1994 ж.ж).

34. Айтулы актриса, халық әндерін тамылжыта орындаушы әнші, Қазақ ССР-інің Халық әртісі, «Еңбек Қызыл Ту» орденінің кавалері Рахия Қойшыбаеваның туғанына – 110 жыл (15.10.1916-26.02.1963).

35.Айтулы қазақ ақыны, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ұлы Отан соғысының ардагері, екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», 1-ші және 2-ші дәрежелі «Отан соғысы» ордендерінің кавалері Хамит Ерғалиевтың туғанына – 110 жыл (14.10.1916-13.12.1997 ж.ж.).

36. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, айтулы заңгер, заң ғылымдары докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Салық Зиманұлы Зимановтың туғанына – 105 жыл (02.04.1921-04.11.2011 ж.).

37. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, талантты дипломат Балжан Бөлтірікованың туғанына – 105 жыл (15.11.1921-11.05.1998 ж.ж.).

Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық ауылында туған. Б. Бөлтірікова Қазақ ССР-інің Сыртқы істер министрі бола жүріп Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясына қатысқан алғашқы қазақстандық дипломат және БҰҰ-ның жоғары мінберіне көтерілген әлемдегі бірінші әйел және алғашқы қазақ қызы.

38. Алматы қаласының көркеюіне аса зор үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері, 1960-1973 жылдары аралығында Алматы қалалық атқару комитетінің төрағасы болған Есен Дүйсеновтың туғанына – 105 жыл (1921- 1983ж.ж.).

39. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда, Жамбыл облыстық партия комитеттерінің бірінші хатшысы, Қазақ ССР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы және Бюро мүшесі, СОКП-ның ХХІІІ, ХХІV съездері мен Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің бірнеше шықырылымының депутаты Мұстақым Біләлұлы Ықсановтың туғанына – 100 жыл (30.03.1926-18.11.1991 ж.ж).

40. Атақты кинорежиссер, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Менің атым Қожа» фильмінің қоюшы режиссері Абдолла Қарсақбаевтың туғанына – 100 жыл (02.10.1926-02.08.1978 ж.ж.).

41.КСРО және Қазақ ССР-інің Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Социалистік Еңбек Ері, дүлдүл опера әншісі Ермек Серкебаевтың туғанына – 100 жыл (04.07.1926-16.11.2013 ж.).

42. Қазақ журналистикасының дамуына аса зор үлес қосқан ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеевтің туғанына – 100 жыл (17.12.1926-29.12.2003 ж.ж.).

43. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ ССР-і Мәдениет министрі, этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты, ұлттық руханияттың дамуына өлшеусіз үлес қосқан өзегі мықты Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына – 95 жыл (28.08.1931-24.02.1998 ж.ж).

44. Ақиық ақын, жазушы, талантты аудармашы Мұқағали Мақатаевтың дүние есігін ашқанына – 95 жыл (9.01.1931- 27.03.1976 ж.ж.). Артында өшпес өлеңдер қалдырған Мұқағали ақын небары 45-ақ жас жасаған.

45. Атақты композитор, өнер зерттеушісі, жазушы, суретші, Қазақстанның Еңбек Ері Илья Жақанов 90 жасқа толады (05.09.1936 ж.).

46. Белгілі жазушы, айтулы аудармашы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты Сайын Мұратбековтың туғанына – 90 жыл (15.11.1936-15.03.2007).

47. Ұйғыр халқы өнерпаздары арасынан Қазақстанның Халық әртісі атағын тұңғыш алған белгілі эстрада әншісі, Алматы облысының Құрметті азаматы Гүлвира Разиева 90 жасқа келеді (19.07.1936 ж.).

48. Даңқты боксшы, КСРО спортына еңбек сіңірген шебер, Қазақ ССР-іне еңбек сіңірген жаттықтырушы, бокстан Қазақстан Ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы болған Әбдісалан Нұрмахановтың туғанына – 90 жыл (19.04.1936-2002).

49. Аса дарынды театр әртісі, Қазақстанның Халық әртісі Қадыр Жетпісбаевтың туғанына – 85 жыл (20.12.1941- 21.04.1999 ж.ж.).

50. Мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі дипломат, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов – 85 жаста (01.10.1941 ж.) Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында туған.

51. Белгілі жазушы, халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты Берік Шахановтың туғанына – 85 жыл (05.10.1941-тамыз 2020 жыл).

52. Айтулы ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Күләш Ахметованың туғанына – 80 жыл (25.04.1946-13.11.2025 ж.ж.).

53. Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 80 жаста (27.07. 1946ж.). Жеті күн ғарыш кеңістігінде болған Тоқтар Әубәкіров КСРО-ның ең соңғы космонавты және ғарышқа ұшқан тұңғыш мұсылман баласы.

54. Аса дарынды дәулескер күйші, атақты композитор, дирижер, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, педагог, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның профессоры Қаршыға Ахмедияровтың туғанына – 80 жыл (25.03.1946-07.06.2010 ж.ж).

55. Қазақтың көрнекті ақыны Кеңшілік Мырзабеков тірі болғанда 80 жасқа толар еді (06.06.1946-30.01. 1989 ж.ж).

56. Атақты композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры Кеңес Дүйсекеевтің туғанына – 80 жыл (10.02.1946-09.06.2020 ж.ж.).

57. 1966 жылы 400 қыздың ішінен Қыз Жібектің рөліне конкурста таңдалып алынған Дауа Шәкірованың туғанына – 80 жыл (1946-1967ж.ж). Фильмнің басты рөліне шақырылған Дауа 21 жасында (1967 ж.) кенеттен өмірден өтіп кеткен екен. Ол атақты Халық ақыны, фольклоршы, сазгер, Қазақстанның тұңғыш Президентін ұлықтау рәсімінде бата берген абыз Шәкір Әбеновтың қызы еді.

58. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бюро мүшесі, әр жылдары Жамбыл, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстары партия комитеттерінің бірінші хатшысы қызметін атқарған Асанбай Асқаровтың қайтыс болғанына – 25 жыл (15.09.1922-13.08.2001 ж.).

59. Әйгілі театр және кино актері, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Гүлжан Әспетова 80 жасқа толады (28.05.1946 ж.).

60. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты және еңбек сіңірген қайраткері, бегілі кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетовтың туғанына – 80 жыл (07.03.1946- 08.07.2021 ж.).

61. Белгілі ақын, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, «Платина Тарлан» және «Халықтың сүйіктісі» Ұлттық сыйлықтарының лауреаты Шөмішбай Сариевтың туғанына – 80 жыл (15.04.1946- 15.02.2021 ж.ж).

62. Белгілі театр және кино актері, «Тамаша» ойын-сауық отауының айтулы әртісі Мейірман Нұрекеевтің туғанына – 80 жыл (24.10.1946-1997 ж.ж).

63. Айтулы ақын, белгілі композитор, Қазақстан Жазушылар одағының І.Жансүгіров атындағы сыйлығының лауреаты Тынышбай Рахимовтың туғанына – 80 жыл (12.09.1946-03.08.1999 ж.ж.).

64. Белгілі қоғам қайраткері, айтулы журналист, жазушы, теледраматург, Қазақ телевизиясының ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық телевизия және радио Академиясының академигі Сұлтан Оразалиннің туғанына – 85 жыл (30.04.1941-22.08.2021 ж.ж).

65. Көрнекі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, жазушы, журналист Сауытбек Әбдірахманов 75 жасқа толады (7.11.1951 ж.).

66. Қаламы қарымды журналист, айтулы жазушы, сценарист, «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы қызметін атқарған, Б. Бұлқышев атындағы және Қазақстан Жазушылар одағының арнайы сыйлықтарының лауреаты Жанболат Аупбаев – 75 жаста (24.12.1951 ж.).

67. Есімі әлемге әйгілі палуан, грек-рим күресінен Олимпиада және Әлем чемпионы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның Еңбек Ері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Жақсылық Үшкемпіровтің туғанына – 75 жыл (6.05.1951- 02.08.2020 ж.).

68. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Әскери-теңіз флотының экс-Бас қолбасшысы, контр-адмирал Ратмир Комратов 75 жаста (23.06.1951 ж.).

69. Әйгілі театр және кино актрисасы, Қазақстанның Халық әртісі, қазақтың «Қыз Жібегі» атанған Меруерт Өтекешова 75 жастың биігіне шығып отыр (25.02.1951 жыл).

70. Атақты театр және кино актері, дарынды кино режиссер, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Досхан Жолжақсынов – 75 жаста (07.10.1951 ж.).

71. Атақты опера әншісі, КСРО және Қазақ ССР-і Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері, профессор Әлібек Дінішев – 75 жаста (07.07. 1951 ж.).

72. Жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мереке Құлкенов – 75 жаста (1951 жыл).

73. Белгілі ақын, журналист, қазақтың атамұра өнері – ақындар айтысын қайта жаңғыртуға аса зор үлес қосқан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жүрсін Ерманов 75 жасқа толады (12.02.1951 ж.).

74. Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, жазушы, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы, филология ғылымдарының докторы Тұрсын Жұртбай – 75 жаста (15.08.1951 ж.).

75. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрынғы төрағасы, Атырау облысы мен Алматы, Астана қалаларының экс-әкімі, 2022-2025 жылдар аралығында ҰҚШҰ (ОДКБ) Бас хатшысы қызметін атқарған Иманғали Тасмағанбетов 70 жасқа толады (09.12.1956 ж.).

76. Классикалық күрестен (грек-рим) екі дүркін Әлем, Еуропа, бірнеше мәрте КСРО, Олимпиада чемпионы, Халықаралық күрес федерациясының (FILA) Даңқ залына есімі енгізілген жалғыз қазақстандық палуан, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері Шәміл Серіковтің туғанына – 70 жыл (05.03.1956-22.11.1989 ж.ж.)

77. Бокстан Қазақстаннан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері Валерий Рачковтың туғанына – 70 жыл (24.04.1956ж.).

78. Атақты күйші, белгілі композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, әйгілі «Көңіл толқыны» күйінің авторы Секен Тұрысбеков – 65 жаста (22.03.1961ж.).

79. Желтоқсан оқиғасының құрбаны, Қазақстанның Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың туғанына – 60 жыл (13.03.1966- 21.05.1988 ж.ж.).

80. Белгілі театр және кино актері, Қазақстанның Халық әртісі Дулыға Ақмолда 55 жасқа толады (10.12.1971 ж.).

81. Қазақстандық телевизия саласының талантты тележурналисі және жүргізушісі Бейсен Құранбектің туғанына – 55 жыл (09.12.1971-17.05.2020 жыл) Алматы облысы Кербұлақ ауданында туған.

82. Социалистік Еңбек Ері, төрт мәрте Ленин орденімен марапатталған әйгілі қызылша өсіруші Сындыбала Оңғарбаеваның туғанына – 125 жыл (1901-2001 ж.ж).

83. Кеңес Одағының Батыры, 316-шы атқыштар дивизиясының құрамындағы атақты 28 панфиловшылар қатарында Мәскеуді қорғаған жауынгер Николай Балашовтың туғанына – 115 жыл (1911-16.10.1941 ж.). Әскерге Қордай ауданынан шақырылған.

84. Ұлы Отан соғысының ардагері, Талас, Свердлов (қазіргі Байзақ), Жуалы және Жамбыл аудандары партия комитеттерінің бұрынғы бірінші хатшысы, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Әнуарбек Сандыбаевтың туғанына – 110 жыл (01.01.1916- 11.03.2012 ж.ж).

85. Социалистік Еңбек Ері, үш мәрте Ленин орденінің кавалері, КСРО Жоғарғы Кеңесінің 6-шы шақырылымының депутаты, КСРО және Қазақстан Компартиясы съездерінің делегаты, Талас асыл тұқымды мал зауытының бұрынғы директоры Әбдір Сағынтаевтың туғанына – 105 жыл (17.12.1921-11.02.1986 ж.ж);

86. Соғыс және еңбек ардагері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, Уатай Әлімжоджаевтың туғанына – 105 жыл (22.06.1921- 21.10.2015ж.ж.).

87. КСРО және Қазақ ССР-і Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Құрметті қызметкері, полковник, 1967-1938 жылдар аралығында Талдықорған және Жамбыл облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті басқармаларының бастығы Хамит Баубекұлы Шоқалақовтың туғанына – 100 жыл (10.10.1926-маусым 1994 ж.ж).

88. Мемлекет қайраткері, еңбек және ҰОС ардагері, 1978- 1986 жылдары Талас аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Рахыжан Ерсейітовтің туғанына – 100 жыл (05.05,1926- 12.05.2015ж.ж).

ЕСКЕРТУ: бұл мәліметтерге кейбір айтулы даталар мен белгілі тұлғалардың кірмей қалуы әбден ықтимал. Сондықтан, оған үлкен түсіністікпен қараған абзал.

 

Жинақтаған мемлекеттік қызмет ардагері, зейнеткер Қырғызәлі ТІЛЕУОВ.

 

Ұқсас жаңалықтар