«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

120 орындық әскери казарма ашылды

120 орындық әскери казарма ашылды
Автор
Облыстың аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамына арналған 120 орындық казарма пайдалануға берілді.

Ғимараттың салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов пен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты. Облыс әкімі құттықтау сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аумақтық қорғаныс бригадасының 99205 әскери бөлімінің жауынгерлік дайындығын қамтамасыз етуге және материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

Биыл облыстық бюджеттен 182 миллион теңге бөлініп, бір оқу-жаттығу жиыны өткізілді, сондай-ақ қажетті материалдықтехникалық мүліктер сатып алынды. Келер жылы бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 116 миллион теңге қарастырылған. Салтанатты шара барысында қатысушылар нысанның лентасын қиып, казарма ғимараты мен әскери техника көрмесін аралап көрді. Құны 2,2 миллиард теңгені құрайтын казарманың құрылысы 2024 жылы басталып, толық аяқталды.

Қазіргі таңда аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамы жаңа ғимаратқа орналастырылды. Жауынгерлер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес облыс аумағындағы стратегиялық маңызы бар нысандарды күзету және қорғау міндеттерін орындауға кірісті.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

 

Ұқсас жаңалықтар