«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Еңбек адамына деген құрмет ешқашан толастамайды

Еңбек адамына деген құрмет ешқашан толастамайды
Автор
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланып, осы бағытта көптеген игі шаралар жүзеге асқаны белгілі. Біздің өңірде де еңбек адамдарына лайықты құрмет көрсетіліп, әр салада көш бастағандар туралы кең көлемде айтылды. Бұл бастама біздің өңірде «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде өткен «Еңбегім – еліме: адал еңбек, айқын мақсат» атты облыстық форуммен қорытындыланды.

Форум жұмысына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, сөз сөйледі.

– Бүгін біз үшін маңызы зор Жұмысшы мамандықтары жылын қорытындылайтын «Еңбегім – еліме: адал еңбек, айқын мақсат» атты форумда бас қосып отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықт ары жылы деп жариялап, оның негізгі мақсаты жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, еңбек адамының мәртебесін көтеру, қоғамда кәсібилік пен еңбекті бағалауды насихаттау, сондайақ техникалық білім беруді реформалау екенін атап өтті. Бұл бастама қоғамда адал еңбекті, кәсіби шеберлікті дәріптеуге, «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатын нығайтуға бағытталған. Сіздердің зауыт, фабрика, құрылыс алаңдары, ауыл шаруашылығы мен басқа да көптеген салалардағы тынымсыз еңбектеріңіз өңіріміздің дамуының негізгі қозғаушы күші екендігі баршамызға белгілі. Жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде облысымызда бірқатар жұмыстар атқарылды. Мәселен, жергілікті бюджеттен 223 миллион теңге қаржы бөлініп, 6 салалық (hub) кешенін ашу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жұмыс берушілер есебінен («KNAUF» ЖШС, «Алина» ЖШС, «Мерагро» ЖШС) 4 колледжге 46 миллион теңгеге құрал-жабдықтар алынды. Осы атаулы жыл аясында өңірде 4 халықаралық, 2 республикалық, 11 облыстық жұмысшы мамандығына бағытталған түрлі іс-шаралар өтті. Өңірдегі колледждер, жоғары оқу орындары мен кәсіпорындар арасында 116 ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Нәтижесінде, түлектердің жұмыспен қамтылу мүмкіндіктері артты, мамандықтар бойынша оқу бағдарламалары жаңартылды. Сонымен қатар Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу барысында өңір жастарының орны ерекше екендігін атап өткім келеді. Мемлекет басшысы «Еліміздің болашағы білімді жастардың қолында», – деп сенімді баға берген болатын.

Бұл білімі ерек, ойы ұшқыр, талабы мықты жастардың қатарын арттырып, жастардың ұранына айналды десек қателеспейміз. Мемлекет басшысының ел дамуына бағытталған «Заң мен тәртіп», «Халық үніне құлақ ас атын мемлекет», «Таза Қазақст ан» сияқты негізгі қағидаттары Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жастарды адал еңбекке, жауапкершілікке және кәсіби біліктілікке баулуға бағытталған нақты бастамалармен жүйелі түрде ұштасып, іске асырылды.

Жұмысшы мамандықтары жылы аяқталғанымен, еңбекке деген құрмет, кәсіби даму мен жастарды қолдау саясаты алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Осы ретте, біз сіздердің білікті маман, отаншыл азамат болып қалыптасуларыңыз үшін барлық мүмкіндікті жасаймыз. Сіздерге айқын табандылық пен жарқын болашақ тілеймін!

Еңбектеріңіз әрдайым бағаланып, ел дамуына қосқан үлестеріңіз еселене берсін!» дей келе, облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы бірқатар жеңімпаздарды «Инновация мен технологиядағы үздік серіктестік», «Үздік стратегиялық серіктестік», «Үздік әлеуметтік серіктестік», «Студенттерді қолдаудағы үздік серіктестік» және «Әулиеата үздігі» облыс әкімінің жастар сыйақысы мен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарын, «Worldskills» чемпионатының «Алтын медаль» иегерлерін марапаттады. Солардың арасында «Әулиеата үздігі» облыс әкімінің жастар сыйақысы бойынша «Aulieata-Media» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты облыстық «Aq jol» газетінің аға тілшісі Есен Өтеулиев «Үздік жас журналист» аталымына ие болды. Тағы бір әріптесіміз «JambylTaraz» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Жұматай Көксубай «Үздік жас ақын» аталымының жеңімпазы атанды. Жеңімпаз әріптестерімізді құттықтаймыз!

Форумда «Қазфосфат» ЖШС-нің «Қаратау» кен-байыту кешенінің техник-технолог маманы Әлібек Сатқанбаев, «Медальон» иегері, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенті, «Өндірісті автоматтандыру жүйесі» мамандығының 3-курс студенті Айбек Коммунарбек жастық жалынмен сөз сөйледі. Олар тәуелсіз еліміздің беріктігі тыныштық пен ынтымақ, адал еңбекте екеніне кеңінен тоқталды.

Форум соңында Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармониясы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды. «Ақкербез» бишілер ансамблі мың бұрала билесе, Динара Диханбаева «Сәлем саған, туған ел», Асылхан Шүңіреков бастаған «Тараз» триосы «Таразым» әндерін жоғары шеберлікпен шырқады. Балжан Ділдәбекова өзінің сөзіне жазылған «Арманым мені жетелейді» әнін жүректерге жеткізді. Еңбек өкілдері мен жалынды жастар бұл форумнан үлкен әсер алғаны анық.

 

Есет ДОСАЛЫ

Ұқсас жаңалықтар