Салтанатты жиында аудан әкімі Ербол Жиенқұлов сөз сөйлеп, архив саласы қызметкерлерін жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады. Сонымен қатар архив ісінің маңыздылығына тоқталып, бұл нысанның аудан тарихын сақтаудағы рөлі ерекше екенін атап өтті. Өз кезегінде келген қонақтар да жылы лебіздерін білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді. Архив саласының ардагерлері лентасын қиып, жаңа ғимарат ресми түрде пайдалануға берілді.
Жаңа ғимарат заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда архив қызметкерлерінің тиімді жұмыс істеуіне және құжаттарды сапалы сақтауға барлық жағдай жасалған. Нысанда арнайы үш қойма қарастырылып, қауіпсіздік талаптары толықтай нормативке сәйкес қамтамасыз етілген.
Айта кету керек, жаңа нысан соңғы 30 жылда аудандық архивке арналған алғашқы нысан болып отыр. Ашылу салтанатынан кейін дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Жиын барысында архив саласын одан әрі дамыту, архив қорларын цифрландыру, құжаттарды сақтау сапасын арттыру және халыққа көрсетілетін қызметтің қолжетімділігін кеңейту мәселелері талқыланды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа Конституция жобасы кеңінен түсіндірілді
- 26 ақпан, 2026
Елдің бағытын қалыптастыратын маңызды қадам
- 26 ақпан, 2026
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




