"Өнерге адалдықтың өлшемі болды": аймақ басшысы Асанәлі Әшімовтің отбасына көңіл айтты
- author «Ақ жол»
- 21 желтоқсан, 2025
- 405
– Қазақ киносы мен театрының асқақ шыңы, сахна мен экранда тұтас бір дәуірдің болмысын бедерлеген алып тұлға — Асанәлі Әшімовтің дүниеден өткені туралы қаралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Аңызға айналған ағамыз тек жамбылдықтардың ғана емес, тұтас еліміздің мақтанышы, руханиятымыздың абызы еді. Асанәлі Әшімұлы — өнерді өмірінің мәніне айналдырған, әр рөлі арқылы халықтың жан дүниесіне терең үңіле білген шынайы шебер болды. Оның сомдаған бейнелері ұлт жадында мәңгі сақталып, көрермен жүрегінде өшпес із қалдырды. Ол қазақ руханиятының биік болмысын танытқан символ, өнерге адалдықтың өлшемі болды. Тау тұлғаның жары Бағдат апайымызға, ұлы Асанәліге, туған-туыстарына, сондай-ақ барша қазақ халқына жамбылдықтар атынан қайғыра көңіл айтамын. Қазақ халқы барда Асанәлі Әшімовтің асыл есімі мен мол мұрасы ешқашан өшпейді. Марқұмның иманы саламат, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Артында қалған ұрпағына, туған-туыстарына сабыр мен ұзақ ғұмыр тілеймін, – делінген жүрекжарды жылы жазбада.
Еске салайық, бүгін, 21 желтоқсанда қазақ сахнасының абызы,Қазақ КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов 89 жасқа қараған шағында өмірден озды.
Ұқсас жаңалықтар
Жүрегімен жыр жазып, жігерімен жарқылдаған
- 20 желтоқсан, 2025
Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана
- 18 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




