ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖАСТАР ЖҰМЫСЫНЫҢ НАСИХАТЫ ТӨМЕН ЕКЕНІН АЙТТЫ
Алдымен Меркі ауданында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбек баяндап өтті. Оның айтуынша, 2025 жылы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша іс-шаралар өткізуге 4 миллион 801 мың теңге қаражат бөлініпті. Бүгінде аудан халқының саны – 88 455 болса, оның ішінде 14-35 аралығындағы жастар саны – 24823, яғни халық санының 28 пайызын құрап отыр екен.
– 11 айдың қорытындысымен ауданда 1128 жас жұмыспен қамтылып, 13 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі барысында жұмыс беруші мекемелер тарапынан 366 бос жұмыс орындары ұсынылып, нәтижесінде 147 жас әртүрлі мекемелерге тұрақты жұмыс орнына орналасты. 2025 жылға арналған «Жасыл ел» жобасы аясында 100 жасты маусымдық жұмыстарға тарту жоспарланған. 2025 жылдың 11 айының қорытындысы б ойынша «Жасыл ел» еңбек жасақтарының құрамына барлығы 100 жас маусымдық жұмысқа тартылды. Нәтижесінде аудан аумағындағы жалпы көлемі 35000 аумақ тазаланып, 49,3 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылды. Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялауына орай, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» 11 ай қорытындысы бойынша 55 іс-шара өткізіп, оған 2180 жас қамтылды. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жалпы 211 іс-шара өткізіліп, оған 3801 ерікті жас қамтылды. «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында есепті кезеңде қоғамның құқықтың санасын арттыру, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгеріл ету мақсатында жалпы 80 іс-шара өткізіліп, оған 8916 жас қамтылды. Ал «Қоғам сақшысы» жобасы аясында полиция қызметкерлері және білім бөлімінің мамандарымен бірлесе 27 түнгі зерделеу жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар апта сайын өз жалғасын табуда. Облыс әкімінің бастамасымен 2025 жыл «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» тарапынан 76 іс-шара өткізіліп, оған 1870 жас қамтылды. Жалпы, Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша әртүрлі бағытта 1271 іс-шара өткізіліп, оған 38433 аудан тұрғындары мен жастары қамтылды. Сондай-ақ орталық жанынан құрылған «MERKI ERIKTILERI» волонтерлік қозғалысының 16 бағыты бойынша 11 айдың қорытындысымен 467 ісшара ұйымдастырылып, оған 8875 ерікті жас қамтылды. Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ тарапынан бүгінгі таңда 3 жоба іске асырылуда. «Игі іс» қайырымдылық жобасы аясында 92 іс-шара өткізіліп, оған 850-ден астам белсенді жас қамтылды. Нәтижесінде аз қамтылған және жағдайы төмен 44 отбасыға орталық қызметкерлері мен еріктілер тарапынан азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі 5 жасқа азық-түлік және 43 жалғызілікті қарияларға үй шаруасына көмек көрсетілді. Екінші «Бабалар салған ізбенен» жобасы аясында ауданға еңбегі сіңген қариялар мен ардагер ұстаздар, аналар кеңесінің төрайымы және аудандық билер кеңесінің мүшелерінің қатысуымен жалпы 17 ісшара өткізіліп, оған 750- ден астам жасөспірімдер қатысты. Үшінші «Жастарға кеңес» жобасы аясында аудан жастарын ақпараттандыру мақсатында жалпы 15 кеңес беру алаңы өткізіліп, оған 800-ге жуық аудан жастары мен тұрғындары қамтылды, – деді Мейірхан Азатұлы.
Бұдан соң Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Бақкелді Тұрсынбектің хабарламасы тыңдалды. Бүгінгі таңда ауданда 66 мыңға жуық халық болса, оның 20 410-ы жастар екен. Жуырда ғана аудан аумағында жастардың шығармашылық белсенділігін дамыту және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 2 қабатты дербес ғимарат беріліпті.
– Бүгінде аудандағы NEET санатындағы жастардың үлесі 384 жасты, яғни, жалпы жастар санының 1,9 пайызын құрап отыр. Ал ауданда жастардың жұмыссыздық деңгейі – 1,4 пайыз. Жыл басынан 35 жасқа дейінгі 1247 жас тұрақты жұмыспен қамтуға қайырылып, оның 1149-ы жұмыспен қамтудың белсенді шара ларына т артылды. Жыл басынан 11 бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері ұйымдастырылып, оған 487 бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеге 700- ге жуық жұмыссыз жастар қатысты. Нәтижесінде 134 жас ақылы қоғамдық жұмыстарға, 179-ы кәсіби оқытуға, 30-ы әлеуметтік жұмыс орындарына, 122-і «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына жолданды. 600 жас тұрақты жұмыс орындарына орналасқан болса, 315 жас консультациялық кеңестер алды. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 13 ауылдық округтегі 102 жасқа 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие берілді. Жастарды тұрғын үймен қамту мәселесіне келсек, Жамбыл облысының жастарына жеңілдетілген тәртіпте несие беруге бағытталған «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы аясында 2024 жылы аудан көлемінде 14 жас өтінім беріп, 2 жас баспаналы болды. Ағымдағы жылы тұрғын үй кезегіне тұрған аудан азаматтары арасында бүгінгі күнге дейін 65 жалдамалы үй берілген болатын, оның ішінде әлеуметтік о сал топтағы 3 жас баспанамен қамтамасыз етілді. Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында облыс жастарының қатысуымен 84 іс-шара өткізіліп, оған 3500 жас қамтылды. Қоғамда құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2200 жас қамтылған 49 іс-шара өткізілді. Жастарды есірткі және басқа да қауіпті заттардан қорғау мақсатында «Қауіпсіз Құлан» жобасы аясында 18 акция ұйымдастырылды. Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберінде Жастар ресурстық орталықтары мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен барлығы 40 іс-шара ұйымдастырылып, акцияға 4 мың ерікті жас қамтылды. «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында жастар арасында кітап оқуды насихаттау мақсатында 41 іс-шара ұйымдастырылып, 3 мың жас қамтылды, – деді ол өз баяндамасында.
Ал биыл 11-ші жыл жүзеге асып отырған «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында облыста соңғы бесжылдықта барлығы 489 жас оқуға түсіпті. Жалпы 2021-2025 жылдар аралығында өңірде ұйымдастырылған «Серпін» күндеріне он мыңнан астам жамбылдық жастар тартылып, олар Солтүстік өңірлердегі жоғары оқу орындарының өкілдерімен кезде сіпті. Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Қызылқұлова атап өтті. Ағымдағы жылдың 11 айы бойынша жұмыспен қамтудың өңірлік картасы аясында құрылатын жұмыс орындарының жо спары 65,4 мың болып бекітілсе, есепті кезеңге барлығы 63,4 мың жұмыс орны құрылған. Оның 24,8 мың жұмыс орны жастарға арналса, жоспар 118,6 пайызға орындалыпты.
– Бұдан бөлек, биыл 128 бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде 2700 жұмыс беруші мекемелерден 8299 бос жұмыс орындары ұсынылды. Осылайша бос жұмыс орындарына, яғни тұрақты жұмыс орындарына барлығы 3225 азамат жолдама алса, оның 2454-і жастар, – дейді облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Төрегелдиев.
Жиынды қорытындылаған кеңес төрағасы Серік Жақсылықұлы Меркі, Т. Рысқұлов аудандары бойынша жастардың жұмысын насихаттай алмай отырғандарын атап өтті. Жалпы, бұл барлық аудандарға да тиесілі.
«Бүгінде «Aulіeata-Media» ЖШС-не қарасты «Aq jol», «Ar-Ai», «Знамя труда» газеттері мен «Tekturmas» журналының алаңын дұрыс пайдаланбай отырсыздар. Облыстық басылымдарда жылына бір мақала жариялау дегенді қалай түсінуге болады? Сіздер журналистерді іздеулеріңіз керек. Қазір керісінше журналистер сіздерді іздеп жүр», – деді.
Сондай-ақ жиында облыстық және Шу, Байзақ аудандарындағы жастар ресурстық орталықтарының жеке ғимаратқа орналасу жайы да сөз болды.
Ерман ӘБДИЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Таразда қылмыстың қай түрі төмендеп, қай түрі өсті?
- 18 желтоқсан, 2025
Қоғамға қызмет ету – маңызды міндет
- 18 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




