Кеш шымылдығы нәзік саксафон әуенімен ашылып, ақынның өз өлеңімен жалғасты. Сахнадағы алғашқы сәттен-ақ көрермен жүрегін тербеген бұл кеш жас қаламгердің ішкі жан дүниесін, шығармашылық болмысын тереңінен танытты. Кеш барысында ақынның өмір жолы, шығармашылық ізденісі, спорттағы жетістіктері кеңінен сөз болды.
Айта кетерлігі, Санжар – пара пауэрлифтингтен бірнеше дүркін Қазақстан және әлем чемпионаттарының жүлдегері. Бұл – оның қайсарлығы мен табандылығының айқын көрінісі.
Кештің әсерлі сәттерінің бірі – композитор Айнаш Бейсеннің Санжардың «Қиын екен» өлеңіне жазылған әнді орындауы болды. Сонымен қатар, «Ақберен» үйірмесінің жас өрендері ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Жас термешілердің орындауындағы термелер кештің рухани салмағын арттыра түсті.

Шара барысында оқырмандар мен көрермендер ақынға өз сауалдарын қойып, ашық сұхбат форматында ой бөлісті. Бұл – кештің басты ерекшеліктерінің бірі болды. Кештің шарықтау шегі – Қанатбек Санжардың «Жарық дүние» атты кітабының, оның Брайль қарпіндегі нұсқасының және арнайы дайындалған аудиокітабының тұсаукесері. Бір мезетте үш бірдей форматтағы кітаптың жарық көруі – инклюзивті мәдениеттің жарқын көрінісі. Тұсаукесер рәсімін ақын Хамит Есаман, Брайль қарпіндегі нұсқаның екінші авторы Ербол Бегимов және ақынның жақындары жүзеге асырды. Кеш ақынның авторлық әнімен қорытындыланды. Өлең мен әуен, сезім мен сенім астасқан бұл рухани жүздесу көрермен көңілінде ұзақ сақталары анық.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




