Жиынды партияның Тараз қалалық мәслихатындағы депутаттық фракция жетекшісі Марат Жұманқұлов ашып, жүргізіп отырды. Негізгі баяндама жасаған Тараз қаласы Полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Данияр Азимов Мемлекет басшысының Ішкі істер министрі алдына қойған міндеттерге және 2025 жылдың «Профилактика жылы: заң мен тәртіп күзетінде – полиция» деп жариялануына сәйкес, Тараз қаласында жыл басынан бері құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстарды тілге тиек етті.
Бүгінде қала аумағында «Қауіпсіз жол», «Тұрмыс», «Учаске», «Есеп», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Құқықтық тәртіп» және басқа да профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, қоғамдық тәртіпті нығайтуға басымдық беріліп отыр екен.
– Жедел-профилактикалық жұмыс нәтижесінде 11 ай ішінде 1936 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, қылмыстардың төрт санаты бойынша төмендегені анықталды. Атап айтқанда, қоғамдық орындардағы қылмыс 28,2, көшелердегі қылмыс 25,5, мас күйінде жасалған қылмыс 23,5, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар бойынша 27,4 пайызға азайды. Керісінше, қылмыстардың төрт санаты бойынша өсім тіркелді. Яғни, қайталама қылмыстар (рецидив) 35,5, тұрмыстық салада 7, топпен жасалған қылмыстар 27,9, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар 7,3 пайызға дейін артып отыр. Сонымен қатар профилактикалық іс-шаралар барысында, Тараз қалалық полиция бөліміне 1326 азамат жеткізіліп, дактолоскопиялық есепке 888 азамат алынды. Бүгінгі күнге дейін 1474 тыйым салынған зат (пышақ) алып жүру фактісі анықталды. Барлық материалдар ақпаратты есепке алу кітабына тіркелген. Одан бөлек кәмелетке толмағандармен бүгінгі күнге дейін 80 тыйым салынған зат (пышақ) алып жүру фактісі анықталып, занды өкілдеріне әкімшілік хаттама толтырылып, есепке қойылды. Мас күйіндегі құқық бұзушылықтың алдын алу шеңберінде ӘҚБтК-нің тиісті баптары бойынша 769 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, профилактикалық есепке 163 маскүнем мен 60 нашақор қойылды. Қаладағы алкоголь сататын орындарда күнделікті тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде «Фиркан» сауда желісінің 20 филиалында түнгі уақытта алкоголь саудасы тоқтатылды, ал 4 филиалға айыппұл салынып, лицензиялары уақытша тоқтатылды. Бүгінгі күні бұрын қылмыс жасағандар арасындағы құқық бұзушылықтар 20,5 пайызға төмендеді. Қала аумағында 29 учаскелік полиция пункті мен 2 ГОП жұмыс істейді, жалпы 148 учаскелік инспектор қызмет атқарады. УПИ есебінде 2904 тұлға тіркелген, оның ішінде бұрын сотталғандар, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар, маскүнемдер, нашақорлар және профилактикалық бақылаудағы өзге де санаттағы азаматтар бар. Қала аумағында отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бағытында ағымдағы жылдың есептік кезеңінде бірқатар профилактикалық жұмыстар атқарылды. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар саны 63-тен 64 дерекке неғұрлым аз өсіммен тіркелді. Бұл көрсеткіштің жоғарылауы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қылмыстық құрамдармен нақтылауға және қылмыстандыруға байланысты. Қолданыстағы баптар бойынша 99-баптан бастап 115-бапқа дейінгі түрлі санаттағы 64 факті анықталды. Тұрмыстық қылмыстың алдын алу мақсатында 1780 қорғау ұйғарымы шығарылып, 116 құқық бұзушыға ерекше талаптар белгіленді. ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша 2317 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал қорғау ұйғарымын бұзғаны үшін 120 адамға шара қолданылды. Сот белгілеген ерекше талаптарды орындамаған 65 тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. 2024 жылы 2542 өтініш тіркелсе, биыл 2950 шақырту тіркелген. Сонымен қатар отбасылық жанжал бойынша жалған шақырту жасағаны үшін 107 адам жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар 27,4 пайызға азайып, 84-тен 61 дерекке дейін төмендеген. Ағымдағы жылдың 11 айында жасөспірімдер қылмысының алдын алу мақсатында, 4156 кәмелетке толмаған полиция бөлімшелеріне жеткізіліп, оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 400 жасөспірім профилактикалық есепке алынды. 112 қолайсыз отбасы тіркелді. 1497 рейдтік іс-шара өткізіліп, нәтижесінде түнгі уақытта үйден тыс жүргені үшін 3013 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ойын-сауық мекемелеріне кәмелетке толмағандарды кіргізгені үшін 155 мекеме иесі мен қызметкері жауапқа тартылды. 298 жасөспірім бейбақтық пен қараусыздық себепті Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Балаларын тәрбиелеу міндетін дұрыс орындамағаны, олардың қылмыс жасауына жол бергені, сабақтан жалтаруы үшін 442 ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды. Тараз қаласы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда 39 іс қаралды, оның шешімімен 20 ата-ана ата-ана құқығынан айырылды, 3 жасөспірім арнайы мектепке жіберілді. Сондай-ақ бөтен мүлікті ұрлаудың, интернет-алаяқтықтың, жол қауіпсіздігінің, нашақорлықтың алдын алу тақырыптарында 3370 дәріс өткізілді. Ағымдағы жылы қала бойынша 3421 қару иелері тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерілді. Тексеру нәтижесінде 170 (қаруды сақтау ережелерін бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды. ҚР ӘҚБтК 484-бабы бойынша (заңсыз қару, оқ-дәрілер немесе жарылғыш заттарды сақтау, алып жүру, пайдалану) Тараз қаласы ПБ тарапынан 22 әкімшілік хаттама салынып, тәркіленді. ҚР ӘҚБтК 486 бабы (Қаруды тіркеу тәртібін бұзғаны) бойынша 49 әкімшілік хаттама толтырылды. «Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерін және жарылғыш заттарды» ерікті түрде сатып алу акциясының нәтижесінде, Тараз қаласы бойынша азаматтар тарапынан өз еріктерімен 37 тіркелмеген қару тапсырды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 2025 жылдың 11 айының қорытындысымен облыс орталығында 876 жол-көлік оқиғасы орын алып, көрсеткіш 2,3 пайызға төмендеді. Биыл 25 адам қаза тауып, өсім 38,9 пайыз болды. 1142 адам жарақат алып, 7,4 пайызға төмендеді. Жаяу жүргіншілермен жүргізілетін күнделікті профилактикалық жұмыстарға қарамастан есепті мерзімде 34955 құқық бұзушылық және жаяу жүргіншілерді қағып кету фактілері азаймай отыр. Өкініштісі, кәмелетке толмағандардың қатысуымен жол-көлік оқиғаларының өсімі тіркелді. 2025 жылы – 286 оқиға тіркеліп, 7 бала қаза тауып, жарақат алғаны– 354 бала. Көлік айдауды үйренбеген, 16-18 жас аралығындағы жас жүргізушілердің қатысуымен де жол-көлік оқиғалары тіркелуде. Есепті кезеңде 806 скутер айыптұраққа қойылды. Балалар арасындағы жарақаттануды азайту үшін балабақша мен мектептер маңында патрульдік автожайғасымдар қойылуда, жүргізуші куәлігі жоқ жасөспірімдер анықталуда. ҚР ӘҚБтК 608-бабы және ҚР ҚК 346-бабы бойынша мас күйінде жүргізушілерді анықтау нәтижесінде 2025 жылы 668 құқық бұзушылық анықталды. Жол-көлік оқиғалары көбіне тәуліктің 12:00–14:00 және 16:00–20:00 аралығында, сондай-ақ жұмыс күндері (дүйсенбі–жұма) орын алады. Бұған себеп, Тараз қаласының көше-жол ағымының көлікке шамадан тыс жүктелуімен байланысты. Көптеген көшелер қазіргі көлік ағынына есептелмеген. Өздеріңізге белгілі Тараз қаласында екі жаңа аудан құрылып, Жамбыл ауданының бірқатар аумақтары қалаға қосылды. Алайда Жамбыл ауданы ОП қызметкерлері әлі күнге дейін Тараз қаласының штаттық құрамына ауыстырылмаған және оларға бекітілген аумақ қазіргі уақытқа дейін Тараз қаласының полиция қызметкерлерімен толық қызмет көрсетілмей отыр. Сонымен қатар Жамбыл ауданы ОП қызметкерлері АРМ ЕРДР базасына енгізген жол-көлік оқиғалары бойынша статистикалық есептері оқиға орны Тараз қаласы аумағы ретінде көрсетіліп отыр. Бұл статистикалық есептің негізсіз бұрмалануына алып келді. Осыған бір шешім шығаруға сіздерден көмек болса дейміз. Ал «102» шақыруларының талдауы бойынша 2025 жылдың 11 айында 2101 жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деді ол. Ал жиынды қорытындылаған Марат Сейітбекұлы: «Қалада құқық бұзушылықтың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысы жан-жақты қаралды. Бірқатар өзекті мәселелер мен жүйелі проблемалар көтерілді. Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен қатар, әлі де шешімін талап ететін түйткілдер бар. Атап айтқанда, профилактикалық шараларды күшейту, учаскелік полиция инспекторларының тұрғындармен өзара байланысын жақсарту, бейнебақылау жүйелерін кеңейту және отбасылық-тұрмыстық зорлықзомбылықтың алдын алу мәселелері ерекше назарға алыну керек. Құқық бұзушылықтың алдын алу – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық институттардың және жалпы қоғамның ортақ міндеті. Сондықтан барлық құрылымдардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру керек», – деді.
Ерман ӘБДИЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Қоғамға қызмет ету – маңызды міндет
- Бүгін, 03:51
Әлеуметтік дүкендердің азық-түлігі шынында арзан ба?
- 16 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




