ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес тәуелсіздік, дербестік, жариялылық қағидаттары негізінде қызметін жүзеге асыру барысында Қоғамдық кеңестер өз өкілеттіктері шеңберінде қоғамдық бақылау саласында азаматтардың мемлекет пен оның органдарының қызметіне сенім деңгейін арттыру, қоғам мен мемлекет арасында кері байланысты қамтамасыз ету, әлеуметтік жанжалдардың алдын алу және оларды шешу, халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесіне тарту міндеттерін орындап келеді.
Облыстық қоғамдық кеңестің 2025 жылы қалыптастырылған 4-ші құрамының мүшелері қызмет бағыттары бойынша 4 комиссияға бөлініп, қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған қызметті жүзеге асыруда. Қоғамдық тәртіп, әлеуметтік жанжалдардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия Жолдауда айтылған ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермеу қағидасы, яғни кез келген заңсыздыққа қарсы тұру деген ұстанымы бағытындағы мемлекеттік органдардың жұмысын барынша қолдап, қоғамда құқық бұзушылыққа, озбырлық пен зорлықзомбылыққа қарсы сана-сезім қалыптасуына ықпал етуде.
Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тетіктерін пайдалана отырып, комиссия мүшелері мемлекеттік органдардың алқалы отырыстарына қатысу, комиссиялар құрамына ену, азаматтардың жеке және ұжымдық өтініштерін қарастыру тәсілдерін тиімді жүргізуде. Комиссия мүшелері Мейірхан Сатыбалдин, Бекжан Кеңесбек, Құралай Өскембекова азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты облыс әкімдігінің басқармалары әзірлеген 33 нормативтік-құқықтық ак тілердің жобаларын талқылауға қатысты.
Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер көрсетуі, мемлекеттік бағдарламаларды, стратегиялық жоспарларды іске асыру, ҚР заңнамасының нормаларын қолдану нәтижесінде азаматтар үшін теріс салдарларды анықтау мақсатында жүзеге асырылатын қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша мониторингтік топ мүшелері Архабек Төлебаев, Батырхан Дәуренбеков, Әлімбек Жұмабаев қорытынды жасап, бақыланған нысандардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар дайындады.
Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуді көздейтін қоғамдық бақылауды кеңес мүшелері Амангелді Карентаев, Рахматілдә Рахманбердиев, Сұлушаш Құрманбекова, Сейдахмет Сейітбеков, Әуесхан Зәуірбеков жауапкершілікпен ұйымдастырып келеді. Президент Жолдауында атап көрсетілгендей, қазіргі бұлыңғыр заманда ең басты міндет – еліміздің егемендігін, жеріміздің тұтастығын нығайту. Осы мақсатта Қоғамдық кеңе стің қызметі халық алдында есеп беретін мемлекетті қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың, азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталады.
Жангелді ОМАРОВ
облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




