«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Көңілімнің күйі де, орындайтын күйім де еліммен бірге»

«Көңілімнің күйі де, орындайтын күйім де еліммен бірге»
Автор
«Көңілімнің күйі де, орындайтын күйім де еліммен бірге»

– Еркіндіктен артық қуаныш, азаттықтан артық бақыт жоқ. «Отан – оттан да ыстық» деген рас. Еліміздің әр өрлеген қадамына қуанып, Отанға қызмет ету – үлкен қасиет. Жаратушы сыйлаған әр жылдың өз жақсылықтары аз емес. Мен үшін биылғы жылдың сәттіліктері көп болды. Атап айтқанда, ақпан айында Байзақ ауданында өткен ауданаралық ақындар айтысында бас жүлдені иелендім. Осы қуанышым Наурыз айында Шымкент қаласында өткен «Оразаның жаршысы» республикалық байқауының жүлделі үшінші орынмен жалғасты.

Ақтөбе қаласында Ахмет Жұбанов атындағы республикалық өнер байқауында екінші, Байзақ ауданында өткен Әзімбек Жанқұлиев атындағы облыстық ақындар айтысында екінші орынды иелендім. Шымкент қаласында өткен республикалық «Сөз маржаны термеде» атты жыршы-термешілер байқауында арнайы жүлдені олжалағаныма да қуандым. Осы жеңістің барлығы Отаныма деген құрметтен туған.

Азат елімнің ақ таңындағы қуанышты іс-шаралар деп бағалаймын. Өзімді Отанымның бір патриот перзентінің қатарына қосамын. Себебі күйші ретінде Нұрғиса Тілендиев атамыз бастаған талай таланттардың күйлерін орындап, ансамбль мүшесі ретінде Шәмші Қалдаяқовтың патриоттық әндерін сүйемелдеп, еліме деген шексіз құрметін бойыма сіңіргенмін. Көңілімнің күйі де, орындайтын күйім де еліммен бірге дегім келеді. Тәуелсіздігіміз баянды бола бергей!

 

Дидар БАСЫҚАРАЕВ

әнші

айтыскер

Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының күйшісі

Ұқсас жаңалықтар