– Сырт мемлекеттерге жарысқа жиі барып жүрген соң, біз – спортшылар еліміздің мүмкіндіктерін біршама жақсы білеміз. Елімізде басқа салалармен қатар спортқа да жақсы көңіл бөлініп келеді. Сондай қолдауды өзім де көріп, сезініп жүрмін.
2018 жылдан бастап «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» мекемесінде пара жүзу спорт түрі бойынша жаттығамын. Білікті маман Саттар Бейсембаев ағай жаттықтырады. Төгілген тердің нәтижесі де жаман емес. 2021 жылы Жапонияның Токио қаласында өткен XVI Паралимпиадалық ойындарында 100 метр брасс қашықтықта пара жүзуден ел тарихында тұңғыш рет қола жүлдегер атандым.
2021 жылы Америка құрама штатының Льюсвилл қаласында Пара жүзуден Әлем Кубогында 50 метрге еркін жүзуден бірінші, 100 метрге брасспен жүзуден екінші, 200 метрге кешенді жүзуден екінші орынды иелендім. Сол жылы Германияның Берлин қаласында өткен Пара жүзуден Әлем Кубогында 4х50 метрге белгіленген аралас эстафетада бірінші, 100 брасс бойынша екінші, абсолюттік жарыста екінші орынды иелендім.
2024 жылы XVI Паралимпиадалық ойындарында 100 метр брасс әдісімен жүзуден күміс медальді иеленіп, Азия және Паралимпиада рекордын жаңарттым. Мұның барлығы еліміздің азаттығы мен абыройының арқасында мүмкін болды. Алдағы уақытта да маңызды спорт жарыстарына қатысып, ел сенімін ақтай бергім келеді. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Еліміздің әр таңы нұрлы, шуақты болсын.
Нұрдәулет ЖҰМАҒАЛИ
Пара жүзуден Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




