Әбдірәсіл Серікұлы 1993 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2015 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша бітірді.
2016 жылы осы оқу орнында «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша техника және технология магистрі дәрежесін алды.
2022 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтады.
2025 жылғы қараша айынан бастап Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі. Еңбек жолын 2017 жылы облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы егін шаруашылығы бөлімінің бас маманы болып бастаған.
2019-2023 жылдары аралығында облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы егін және су шаруашылығы бөлімінің бас маманы, басшысы, 2023-2024 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаменті агромелиорация басқармасының бас сарапшысы, басқарма басшысы, 2024 жылдың 20 маусымынан бастап облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы егін шаруашылығы, мемлекеттік астық, тұқым және техникалық инспекциясы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2024 жылдың шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбек етті. Үйленген, 3 бала тәрбиелеуде.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа Конституция жобасы кеңінен түсіндірілді
- 26 ақпан, 2026
Елдің бағытын қалыптастыратын маңызды қадам
- 26 ақпан, 2026
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




